Талдықорғанда 36 жаңа аялдама кешені орнатылады
Облыс орталығы Талдықорған қаласында жалпы саны 282 аялдама бар. Оның 21-і смарт аялдамалар. Бүгінде қала аумағындағы тозығы жеткен аялдамалар жаңартылып, жаңа бой түзеп жатқан шағын аудандар мен халықтың сұранысына сәйкес тұрғын үй алаптарына 36 жаңа аялдама орнатылады.
Естеріңізге салсақ, 2018 жылы ел игілігіне берілген 21 смарт аялдамалардың басым бөлігі сын көтермейтін жағдайға жетіп, тұрғындардың наразылықтарын тудырып келген еді.
Өзекті мәселені оңтайлы шешу мақсатында қала әкімі Ернат Бәзіл барлық смарт аялдамаларды 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріп, бүгінгі күні қала аумағындағы барлық смарт аялдамалардың қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталып, биылғы жылы толық аяқталмақ.
Сонымен қатар, көлік ағымы көп аумақтарға тағы 4 жаңа бағдаршам орнатылады. Олар қаладағы қозғалысты реттеп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтымақ.
Айта кетейік, қала аумағына орнатылатын жаңа аялдамалардың барлығы кескіндері ұлттық нақышта жасалынбақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -