Талдықорғанда қала әкімі Ернат Бәзіл ұстаздарды төл мерекемен құттықтады
Бүгін облыс орталығы Талдықорғанда І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Ұстаз ұлы тұлға» атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, білім саласындағы оң көрсеткіштерге тоқталып, ұстаздарға ақжарма тілегін білдірді.«Ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұрпақтың ұлы мұраты жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу жолында қызмет атқарып жүрген ұстаздарды ардақтауға міндеттіміз»,-деді қала әкімі Ернат Бәзіл құттықтау сөзінде.Мерекелік шара барысында бірқатар ұстаздар қауымы Талдықорған қаласы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сондай-ақ, Жетісу облыстық мәслихатының және білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табыс етіліп, құрмет төрінен көрінді.Бүгінгі күні Талдықорғанда жалпы білім беретін 27 мектепте 35 905 оқушыға 2854 мұғалім білім беріп, тәрбие тағылымын дарытып отыр. Ал, мектепке дейінгі білім беретін 68 мекемеде 8134 бүлдіршінге 1059 педагог білім беруде. Сонымен қатар, биылғы жаңа оқу жылында қала мектептерінің ұстаздар қатары 58 жас маманмен толықты.Айта кетейік, қала білім ордалары арасында ұйымдастырылған байқаудың «Үздік бастауыш сынып мұғалімі», «Үздік сынып жетекші», «Үздік балабақша» және «Жетісу ұстазы» жеңімпаздары қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -