Талдықорғанда қала әкімі Ернат Бәзілдің қатысуымен түнгі велошеру өтті
Талдықорғанда қала әкімі Ернат Бәзілдің қатысуымен түнгі велошеру өттіБүгін облыс орталығы Талдықорғанда қала әкімдігінің қолдауымен «Біз есірткіге қарсымыз» акциясы шеңберінде түнгі велошеру өтті. Қадырғали Жалаири даңғылынан бастау алған түнгі велошеру Жеңіс саябағында түйінделіп жалпы 9 шақырымды құрады. Оған 250-ге жуық адам қатысты. Атап айтқанда, кәсіби велосипедшілер, мемлекеттік қызметкерлер және қала тұрғындары да белсенділік танытты. Қала әкімі барша велошеруге белсенді қатысқан қауымға алғысын білдіріп, қаламызда бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысып жүрген жастардың көптігіне қуанатындығын және бұндай игі шаралардың жалғасын табатынын айтып өтті. Сонымен қатар, бүгінгі велошеруге «BIKE TEAM», «Velopark.tdk», «Velofiends» және Velotrveltekeli велосипедшілер қауымдастығының өкілдері белсенділік танытып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Бұдан бөлек, шеруге қатысушылар арасында лоторея ойындары ойнатылып, бағалы сыйлықтар тарту етілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -