Талдықорғанда қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізіліп жатыр
Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қала іргесіндегі «Сәмен» ЖШС-нің және «Несипбаев» шаруа қожалығының қант қызылшасын жинау науқаның көріп, жұмыс барысымен танысып, дала еңбеккерлерімен кездесті.Биылғы жылы Талдықорған қаласы бойынша 8 шаруа қожалығы 150 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан 6 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр.Алқап басында жүрген диқандар жаз бойы күтіп-баптап өсірген тәтті түбірден мол өнім алуды көздеп отыр. Қазіргі күні алқап басында жұмыс қыза түскен. Шаруның сөзінше биылғы жылы жинылған өнім өткен жылға қарағанда жақсы болып жатыр дейді. Енді жиналған өнімдерін Көксу қант зауытына өткізбек.Қант өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлген «Несипбаев» және «Сәмен» шаруа қожалықтары келер жылы бірлесіп, егіс көлемін қосымша 40 гектарға ұлғайтып, 70 гектар тәтті түбір егуді жоспарлап отырғанын жеткізді.Айта кетейік, ендігі кезекте 2000 га болатын майлы дақылдар және 580 га болатын жүгеріні жинау науқаны басталмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -