Талдықорғанда эпидемиологиялық жағдай және инфекциялық және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың төрағалығымен 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Талдықорған қаласында эпидемиологиялық жағдай және инфекциялық және паразиттік аурулардың өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүнісова, дін істері басқармасы және қалалық ветеринариялық инспекция өкілдері, Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары және медициналық мекемелердің басшылары қатысты.
Жиын барысында қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың проблемалық мәселелері туралы Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Сәуле Ахан баяндамасын жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -