Талдықорғанда ерекше күтімді қажет ететін 1100 балаға бір реттік жәрдемақы төленді
Талдықорған қаласында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ерекше күтімді қажет ететін 1100 балаға бір реттік жәрдемақы төленді.
Талдықорған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 15 қарашадағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту тураалы» № 11-68 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Конституция күніне - 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.2024 жылғы 29 тамызға 1100 балаға 23,4 млн.теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, есеп шоттарына аударылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -