Талдықорғанда «ONAY!» электронды төлем жүйесі іске қосылды: Алматы облысы, 26 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Талдықорғанда «ONAY!» электронды төлем жүйесі іске қосылды

Талдықорғанда «ONAY!» электронды төлем жүйесі іске қосылды

Талдықорғанда «ONAY!» электронды төлем жүйесі іске қосылды

Талдықорғанда “Оңай” деп аталатын төлем жүйесі бүгіннен бастап барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинтге Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Жеңіс Саятбекұлы мәлімдеді.«Оңай» жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алмақ. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға, қаладағы қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын біртіндеп жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады.Айта кетейік, қазіргі танда қалада 480-ден астам аялдамалар, 26 бағыт бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін 228 автобус бар, 7 тасымалдаушы жұмыс істейді. Жыл сайын қала тұрғындары 36,8 млн рет жол жүреді – бұл қаладағы жолаушылар ағынының көлемін құрайды.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Талдықорғанда “Оңай” деп аталатын төлем жүйесі бүгіннен бастап барлық қоғамдық көліктерде іске қосылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинтге Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары Жеңіс Саятбекұлы мәлімдеді.«Оңай» жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алмақ. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға, қаладағы қоғамдық көліктің жылжымалы құрамын біртіндеп жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады.Айта кетейік, қазіргі танда қалада 480-ден астам аялдамалар, 26 бағыт бойынша тасымалдауды қамтамасыз ететін 228 автобус бар, 7 тасымалдаушы жұмыс істейді. Жыл сайын қала тұрғындары 36,8 млн рет жол жүреді – бұл қаладағы жолаушылар ағынының көлемін құрайды.</p>

Аймақтағы жаңалықтар