Талдықорғанда үздік еріктілер марапатталды: Алматы облысы, 06 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Талдықорғанда үздік еріктілер марапатталды

Талдықорғанда үздік еріктілер марапатталды

Талдықорғанда үздік еріктілер марапатталды

ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Мен, Президент ретінде әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдаймын. Еріктілер — жаны таза адамдар. Олар — елдің шынайы патриоты,сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз»,-деген еді.

Қазақстандық еріктілер жеке тұлғалар,кәсіпорын-компаниялар,әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіп, қоршаған ортаны қорғап,азаматтық ұстанымды қалыптастыра отырып,өзін-өзі ұйымдастыру,әлеуметтік жауапкершілікті сезініп,өзара жәрдем ету және қоғамда қайырымдылық жасаумен айналысады. Олардың қатарында Талдықорған қаласының 15 ұйымға біріккен 500-ден аса еріктілері бар.

Осыған орай, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың қатысуымен волонтерлармен кездесу өтті.

Еріктілердің ісіне ризашылығын білдірген Жеңіс Саятбекұлы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету барысында белсенділік танытқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, арнайы марапаттар табыстады.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>ҚР Президенті Қ.Тоқаев: «Мен, Президент ретінде әрқашан волонтерлардың қозғалысын қолдаймын. Еріктілер — жаны таза адамдар. Олар — елдің шынайы патриоты,сол үшін де құрметім шексіз. Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекеттің дамуына айтарлықтай септігін тигізетіні сөзсіз»,-деген еді.</p> <p>Қазақстандық еріктілер жеке тұлғалар,кәсіпорын-компаниялар,әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетіп, қоршаған ортаны қорғап,азаматтық ұстанымды қалыптастыра отырып,өзін-өзі ұйымдастыру,әлеуметтік жауапкершілікті сезініп,өзара жәрдем ету және қоғамда қайырымдылық жасаумен айналысады. Олардың қатарында Талдықорған қаласының 15 ұйымға біріккен 500-ден аса еріктілері бар.</p> <p>Осыған орай, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековтың қатысуымен волонтерлармен кездесу өтті.</p> <p>Еріктілердің ісіне ризашылығын білдірген Жеңіс Саятбекұлы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи апат кезінде жапа шеккендерге көмек көрсету барысында белсенділік танытқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, арнайы марапаттар табыстады.</p>

Аймақтағы жаңалықтар