Талдықорғандық оқушылар жолдардың ақауын көрсететін сайт жасады: Алматы облысы, 03 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Талдықорғандық оқушылар жолдардың ақауын көрсететін сайт жасады

Өртке қарсы датчигі бар газ есептеу құрылғысы мен жолдардың жағдайын көрсететін мобильді қосымша. Бұл – талдықорғандық оқушылар жасаған жобалардың жемісі, деп хабарлайды 24kz.

Ізденімпаз жастар халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып, мамандардың жоғары бағасын алды.

Талдықорғандық оқушылар – Елдос пен Тимур жолдардың ақауын көрсететін сайт жасады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін олар нейрондық желіні пайдаланған. Тың идея алыс сапарға шығатындарға қолайлы. Ізденімпаз жастардың идеясы халықаралық байқауда «үздік» деп танылған.

Елдос Еренталов, жоба авторы: - Әзірге біз жобамызды жауапты ведомствоға ұсындық. Болашақта біздің жобамыз қазақстандықтарды қызықтырады деген ойдамыз. Еліміздің кез келген жеріндегі жолдың жағдайымен танысу үшін сайтқа кіріп, қажет мәліметті алуға болады.

Олардың тағы бір жобасы мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Оқушылар өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында газдың ауаға таралуын анықтайтын есептеу құрылғысын жасап шығарды.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат Акима города Талдыкоргана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Өртке қарсы датчигі бар газ есептеу құрылғысы мен жолдардың жағдайын көрсететін мобильді қосымша. Бұл – талдықорғандық оқушылар жасаған жобалардың жемісі, деп хабарлайды 24kz.

Ізденімпаз жастар халықаралық байқауларда жеңімпаз атанып, мамандардың жоғары бағасын алды.

Талдықорғандық оқушылар – Елдос пен Тимур жолдардың ақауын көрсететін сайт жасады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін олар нейрондық желіні пайдаланған. Тың идея алыс сапарға шығатындарға қолайлы. Ізденімпаз жастардың идеясы халықаралық байқауда «үздік» деп танылған.

Елдос Еренталов, жоба авторы: - Әзірге біз жобамызды жауапты ведомствоға ұсындық. Болашақта біздің жобамыз қазақстандықтарды қызықтырады деген ойдамыз. Еліміздің кез келген жеріндегі жолдың жағдайымен танысу үшін сайтқа кіріп, қажет мәліметті алуға болады.

Олардың тағы бір жобасы мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Оқушылар өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында газдың ауаға таралуын анықтайтын есептеу құрылғысын жасап шығарды.

Аймақтағы жаңалықтар