Талдықорғандық түлек ҰБТ-дан 137 балл жинады
Талдықорғандағы жалпы білім беретін мектептің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинауда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні №4 орта мектептің түлегі Аяжан Ықсан жоғары балға қол жеткізіп, «Дүниежүзі тарихы - ағылшын тілі» бағыты бойынша 137 балл жинады.
Аяжан – «Алтын белгі» иегері, облыс әкімінің «Көшбасшы-2023» жастар сыйлығын иеленген жас.
Еске салсақ, жуырда ҰБТ қорытындысы бойынша № 14 мектеп-гимназиясының түлегі Бекасыл Рысбек "Физика - математика" бағытында 133 балл жинаған болатын.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызмет.
Фотосуреттерді Талдықорған қалалық әкімдігі ұсынды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -