Тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы «Capital Bank Kazakhstan» АҚ (бұдан әрі – Банк) тарату комиссиясының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу іс-шараларын өткізуде.
Кандидаттардың жоғары экономикалық немесе заңгерлік білімі немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы жоғары білімі болуы керек, қаржы ұйымдары мен заңды тұлғаларды тарату тәртібін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге тиіс.
Кандидаттарға қойылатын талаптар және олар ұсынатын құжаттардың тізбесі Агенттіктің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 57 қаулысымен бекітілген Мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату қағидаларында және Мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарда белгіленген.
Банктің тарату комиссиясының төрағасын тағайындау туралы өтінішті құжаттарды қоса беру арқылы Агенттікке 2024 жылғы 21 қазанға дейін Алматы қ., Көктем-3 ш/а., 21-үй мекенжайына ұсыну қажет.
Барлық мәселе бойынша 8 (727) 237 13 58 телефоны арқылы хабарласу керек.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар Басқармасы
+7 (727) 237 10 89
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -