Татарстан делегациясы өңірдің кәсіпорындарында болды
Құрамында Татарстан Республикасы министрлігінің өкілдері, ауылдық кооперацияны дамыту жөніндегі мамандар, республиканың жетекші қайта өңдеу кәсіпорындарының басшылары кірген меймандар «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС «Халал» стандартына сәйкес шұжық өнімдері мен ет деликатестерін өндірумен айналысатын ет комбинатына да барды.
«Қазіргі таңда елімізде жылқы шаруашылығы жақсы дамып келеді. Жылқы саны да көп. Тек етті өткізуде ғана мәселелер бар. Татарстандық әріптестеріміз жылқы шаруашылығына қызығушылық танытып жатыр. Біздің түпкі мақсатымыз – Қазақстанның сапалы ет өнімін экспортқа шығару. Мал соятын пункттеріміз дайын. Егер Татарстан тарапынан сұраныс болса, тиісті меморандумдарға қол қоятын болсақ, жылқы мен сиыр етін экспорттауға дайынбыз» деді «Мәуліт» шаруа қожалығының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты Қайырлы Хасенов.
Кәсіпорын 100-ден астам қайнатылған және ысталған шұжық және өзге де шұжық өнімдері түрлерін шығарады. Зауытта инновациялық жабдықтары бар орау желісі және үш өндірістік цех жұмыс істейді. Былтыр «АРАЙ-EAST FOOD» ЖШС базасында шұжық өнімдерін өндіру бойынша қосымша желі пайдалануға берілді. Қуаты жылына 1,8 мың тонна дайын өнім шығаруына жеткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -