«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ
Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азамат қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Қаладағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, М.Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесіндегі ретсіз жарнамалар түзетіліп, кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Тазалық шарасына атсалысқан табиғат жанашырларының айтуынша, әрбір жеке тұлға тазалықты өз ауласынан бастауы қажет. Үйден шыққан қоқысты арнайы орындарға тастап, қоршаған ортаны қорғау мен абаттандыруға үлес қосуы тиіс.
Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы басталған болатын. Осыған байланысты облыс орталығында апта сайын жүйелі түрде тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -