«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫС ҚАЛАСЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ӘСКЕРИ БӨЛІМ САРБАЗДАРЫ ДА АТСАЛЫСТЫ
Халқымызда «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Осындай сауапты істі жүзеге асыру, қаланы көркейту, жасыл желекке айналдыру мақсатында «Жасыл Арыс» КММ-сі қалаға кіреберістен бастап, ағаш отырғызу жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.
Бүгінде игі іске әскери бөлім сарбаздары да атсалысуда. Атап айтқанда, қалада орналасқан №44859 әскери бөлім жауынгерлері сапқа тізіліп, жасыл желекті отырғызуға арналған 1500 шұңқыр жер дайындап, сауапты іске үлестерін қосты.
Кезекті көшет отырғызу жұмыстары секторларда жалғасты. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес қала 17 секторға бөлінген-ді. Әр секторға әкімдік бөлімдері мен аппараты сондай-ақ мемлекеттік мекемелер жауапты болып бекітілген.
Бүгінгі сенбілікте әр сектор өздеріне тиесілі аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында қураған шөптер шабылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
Сенбілікте мемлекеттік қызметкерлерден бөлек әр көшеден белсенді азаматтар шығып, үйлерінің іргелес аумағын қоқыстан тазартты.
Алдағы уақытта осындай жалпықалалық сенбілік шаралары жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -