«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ
Жаһанды алаңдатып отырған экологиялық проблемалармен қоғам болып күреспейінше, нәтиже аз. Сондықтан, елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экономикалық іс-шаралардың мәні тереңде жатыр.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.
Бүгін Шымкент қаласының барлық аудан аумақтарында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтуде. Оның ішінде, Абай ауданына қарасты «Самал-3» шағынауданы, Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағынауданында, Қаратау ауданы, Тұран шағынауданының, Әл-Фараби ауданы «Забадам» шағынауданының орталық көшелерінде және Еңбекші ауданындағы 12 шағынауданында ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудан тұрғындары тұрғындары, белсенді жастар, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, ардагерлер қатысты.
Су және жер ресурстарын, жасыл желектерді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануға ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық дүниетанымға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған тазалық іс-шараларына қатысушылар, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -