«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ: Түркістан облысы, 02 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН ҚАЛАШЫҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы 150-ге жуық адам қатысқан тазалық шарасында Сауран қалашығының маңы күл-қоқыстан тазартып, арам-шөптерін шапты. Сенбілікке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және арнайы БАҚ өкілдері мен жастар қатысты. Шығармашылық топ өкілдері 1-10 тамыз аралығында Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау

облыстарына сапарға шығып, елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау арқылы өңірлердегі тарихи-мәдени, туризм бағытындағы көрікті орындардың тазалығына атсалысады. Аталған игі шараға мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» ТРК бас директоры Дулат Әбіштің айтуынша, 14 адамнан құралған делегацияда өңірдің жергілікті журналистері бар. Облыс әкімінің орынбасары барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Игі бастаманы қолға алған БАҚ өкілдеріне ризашылығын айтып, сәтті сапар тіледі. Сондай-ақ, Сауран қалашығының ішкі бөлігін тазалау барысында облыс әкімінің орынбасары тарихи нысанды қалпында ұстап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Айта кетейік, елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай Сауран ауданында сенбілік ұйымдастырылды. Жалпы 150-ге жуық адам қатысқан тазалық шарасында Сауран қалашығының маңы күл-қоқыстан тазартып, арам-шөптерін шапты. Сенбілікке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және арнайы БАҚ өкілдері мен жастар қатысты. Шығармашылық топ өкілдері 1-10 тамыз аралығында Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>облыстарына сапарға шығып, елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау арқылы өңірлердегі тарихи-мәдени, туризм бағытындағы көрікті орындардың тазалығына атсалысады. Аталған игі шараға мұрындық болған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ» ТРК бас директоры Дулат Әбіштің айтуынша, 14 адамнан құралған делегацияда өңірдің жергілікті журналистері бар. Облыс әкімінің орынбасары барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Игі бастаманы қолға алған БАҚ өкілдеріне ризашылығын айтып, сәтті сапар тіледі. Сондай-ақ, Сауран қалашығының ішкі бөлігін тазалау барысында облыс әкімінің орынбасары тарихи нысанды қалпында ұстап қалу үшін жасалып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Айта кетейік, елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Акция басталғалы Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар