«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЭКОАКЦИЯ ӨТКІЗДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Бұл бастаманы Түркістан облысының белсенді жастары қуанышпен қабылдап, тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізуде. Кезекті акция тау баурайындағы Қазығұрт ауданында өтті.
Акцияға Қазығұрт ауданының әкімі Исмаилов Азизхан мен Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапаров Айбек, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысты.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың, жастардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту.
«Қоршаған ортаны қорғау арқылы Отанға деген патриоттық сезім оянады. Сондықтан, біз өз ортамызды, көшемізді, ауылымызды, қаламызды таза ұстауымыз керек. Арықтарды тазалап, бұлақ көздерін ашу жұмыстарын тоқтатпаймыз», деді Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты Молдасапар Айбек
Аталған акцияға облыстың белсенді ерікті жастары, депутаттар, қоғам белсенділері, жастар орталығы қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлері мен аудан тұрғындарынан құралған жалпы, 150-ге жуық жас қатысты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -