«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ: Түркістан облысы, 19 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАННЫҢ ОРТАЛЫҚ БАЗАРЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістанның күре тамыры – орталық базар. Таңның атысымен таласа келген саудагерлер мұнда қас қарайғанша отырады. Барлығына ортақ мүдде – отбасының ризық-несібесін табу. Жалпы базарда 1580 жеке кәсіпкер бар. Базардан азық-түліктің барлық түрлері, киім-кешек, тұрмыстық техника сияқты жанға қажеттінің бәрі табылады. Базардың тазалығы да басты орында болуы керек. Қала әкімдігі тарапынан сауда

орындарының тазалығына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер жолданған. Нәтижесінде қосымша қоқыс жәшіктері қойылды. Арнайы техника мен сұйық қалдықтарға арналған ассенизаторлық көліктің күнделікті жұмыс істеуі қадағаланып отыр. Тазалықты қамтамасыз етуге бекітілген 22 адам екі ауысымда жұмыс атқаруда. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, шаһардағы барлық кәсіпкерлік нысан әр аптаның дүйсенбісінде өз аумақтарында сенбілік ұйымдастырып отыр. Базар – шаһардағы адамдардың ең көп шоғырланатын орындарының бірі болғандықтан қауіпсіздік талаптарының орындалуы да назардан тыс қалмады. Орталық базар аумағында 4 дана өрт гидранты, 56 өрт краны, 223 өрт сөндіргіш құралы қойылған. Тілсіз жаудан қорғану үшін 1750 дабыл нүктесі орнатылған. 105 автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар базар аумағындағы ретсіз жарнамалар бойынша жұмысшы топ күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Тәуке хан даңғылы бойындағы кәсіпкерлік нысандарында талапқа сәйкес келмейтін 64 жарнама, базар ішіндегі аллея маңынан 36 жарнама, «Батыр» сауда орталығынан 8 ретсіз жарнама алынып, жойылды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістанның күре тамыры – орталық базар. Таңның атысымен таласа келген саудагерлер мұнда қас қарайғанша отырады. Барлығына ортақ мүдде – отбасының ризық-несібесін табу. Жалпы базарда 1580 жеке кәсіпкер бар. Базардан азық-түліктің барлық түрлері, киім-кешек, тұрмыстық техника сияқты жанға қажеттінің бәрі табылады. Базардың тазалығы да басты орында болуы керек. Қала әкімдігі тарапынан сауда <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs" style-off="margin: 0px; text-align: inherit; overflow-wrap: break-word; padding: 0px; font-family: inherit;"></p>орындарының тазалығына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті ескертулер жолданған. Нәтижесінде қосымша қоқыс жәшіктері қойылды. Арнайы техника мен сұйық қалдықтарға арналған ассенизаторлық көліктің күнделікті жұмыс істеуі қадағаланып отыр. Тазалықты қамтамасыз етуге бекітілген 22 адам екі ауысымда жұмыс атқаруда. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында қала әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, шаһардағы барлық кәсіпкерлік нысан әр аптаның дүйсенбісінде өз аумақтарында сенбілік ұйымдастырып отыр. Базар – шаһардағы адамдардың ең көп шоғырланатын орындарының бірі болғандықтан қауіпсіздік талаптарының орындалуы да назардан тыс қалмады. Орталық базар аумағында 4 дана өрт гидранты, 56 өрт краны, 223 өрт сөндіргіш құралы қойылған. Тілсіз жаудан қорғану үшін 1750 дабыл нүктесі орнатылған. 105 автоматты өрт сөндіру жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар базар аумағындағы ретсіз жарнамалар бойынша жұмысшы топ күнделікті аралау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда Тәуке хан даңғылы бойындағы кәсіпкерлік нысандарында талапқа сәйкес келмейтін 64 жарнама, базар ішіндегі аллея маңынан 36 жарнама, «Батыр» сауда орталығынан 8 ретсіз жарнама алынып, жойылды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар