«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ӨЗ ҚАЛАМЫЗҒА ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ
Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасын тапты.
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Шымсити шағын ауданында «Таза аула» атты тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар барлығы 150-ден астам адам қатысты.
Іс-шара барысында тұрғын үйлердің аулаларын мен жол жиектері, ойын алаңшалары тазаланып, шөптер орылды. Арықтар тазаланып, талдардың түптері әктелді. Аулалар ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан тазаланды. Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты.
Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -