«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖЕТІСАЙДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық эклологиялық шарасы жоғары деңгейде өтті.
Жетісай қаласын ұлғайтуға арналған 80 га жер теліміндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына жүргізілген экологиялық шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«Жетісай қызмет» мекемесінің 2 жүк көлігі жұмылдырылған аталмыш сенбілік аясында мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметкерлер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізсе, көппәтерлі үйлердің іргелік жерлерінің шөптері шабылды, күл-қоқыстардан, жапырақтардан тазартылды.
Сондай-ақ қала, кент және барлық ауылдық округтерде де өткен жаппай сенбілік жұмыстарына аудан тұрғындары, көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтауға жұмылдыру ісінде аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, жергілікті әкімдер мен тұрғындар белсенділік танытып, жер-жерлерде арнайы бекітілген кесте негізінде жұмыстар жүргізілді. Саябақтар мен көшелер, арық-атыздар, автокөлік жолдарының жиегі тазаланды. 250-ге жуық адам мен 11 техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -