«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» : ЖЕТІСАЙДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ: Түркістан облысы, 20 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» : ЖЕТІСАЙДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» : ЖЕТІСАЙДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» : ЖЕТІСАЙДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Жетісай ауданына қарасты қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, жергілікті тұрғындар қатысты. Жалпы саны мыңнан астам адам мен 10 техника жұмылдырылған сенбілікке аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты.

Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысушылар негізінен көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтардың, скверлер мен аллеялардың, автожолдар мен тұрғындар көп жүретін орындардың маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тазартып, шөптерін шапты. Қураған ағаштарды бұтады. «Тазалық шараларын жиі ұйымдастырып өткізудегі негізгі мақсатымыз – аудан тұрғындарын туған өлкені таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы экологиялық тазалықты сақтауға, ұжымдасып жұмыс жүргізуге шақыру. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуіміздің нәтижесінде қатысушылардың қатары да күн санап артып келеді. Бірқатар елді мекенде ауыл ақсақалдары тазалықтың сақталуын өз бақылауларына алған» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы. Бұдан бөлек, сенбілікте аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан, керексіз қалдық заттардан тазартты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Жетісай ауданына қарасты қала, кент, барлық ауылдық округтерде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар мен ерікті жастар, жергілікті тұрғындар қатысты. Жалпы саны мыңнан астам адам мен 10 техника жұмылдырылған сенбілікке аудан тұрғындары бір кісідей атсалысты. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Санитарлық тазалық жұмыстарына қатысушылар негізінен көппәтерлі тұрғын үйлер мен саябақтардың, скверлер мен аллеялардың, автожолдар мен тұрғындар көп жүретін орындардың маңындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тазартып, шөптерін шапты. Қураған ағаштарды бұтады. «Тазалық шараларын жиі ұйымдастырып өткізудегі негізгі мақсатымыз – аудан тұрғындарын туған өлкені таза ұстауға, жастарды еңбекке жұмылдыру арқылы экологиялық тазалықты сақтауға, ұжымдасып жұмыс жүргізуге шақыру. Мұндай шараларды тұрақты түрде өткізуіміздің нәтижесінде қатысушылардың қатары да күн санап артып келеді. Бірқатар елді мекенде ауыл ақсақалдары тазалықтың сақталуын өз бақылауларына алған» дейді аудан әкімі Серік Үсенұлы. Бұдан бөлек, сенбілікте аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен кент, ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды қоқыстан, керексіз қалдық заттардан тазартты. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар