«ТАЗА QAZAQSTAN» Республикалық экологиялық акция шеңберінде Қарағанды қаласында өтетін «Таза Болса Табиғат, Аман Болар Адамзат!» экологиялық квест бойынша
«ТАЗА QAZAQSTAN» Республикалық экологиялық акция шеңберінде Қарағанды қаласында өтетін «Таза Болса Табиғат, Аман Болар Адамзат!» экологиялық квест бойынша
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Күні: 2024 жылғы 7 қазан
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Орталық саябақ
Қарағанды қаласының орталық саябағында «Taza Qazaqstan» республикалық бастамасы аясында ұйымдастырылған «Таза болса табиғат, Аман болар адамзат!» экологиялық акциясы өтті. Шараға 100-ден астам еріктілер қатысты, оның ішінде студенттер мен қаланың белсенді тұрғындары экологиялық жағдайды жақсарту және туған қаласын көркейту үшін біріккен. Акция аясында барлығы 1000 қап қоқыс жиналды, «Taza Qazaqstan» акциясы басталғаннан бері 20 тоннадан астам қоқыс жиналған.
Акцияға қатысушылар орталық саябақтың аумағын тазалаумен айналысты: қоқыс жинады, құрғақ бұтақтарды шығарды, көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын тазалады. Тұрмыстық ұсақ қоқыстарды жоюға және су қоймасының аумақтарын, балалар мен спорт алаңдарын ретке келтіруге ерекше назар аударылды. Акцияның басты мақсаты-қала тұрғындарының назарын қоғамдық орындарда тазалықты сақтау қажеттілігіне аудару және экологиялық хабардарлық деңгейін арттыру. Іс-шара сонымен қатар жастар мен халықтың басқа топтары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шара барысында КАР-АРТ жобасы аясында сурет салу бойынша шеберлік сыныптары өткізілді, онда жас суретшілер таза қоршаған ортаның маңыздылығын және экологияны жақсартуды бейнеледі. Сондай-ақ, іс-шараға маскоттар қатысып, ерекше атмосфераны қосты.
"Осы акцияларға жастарды тарту біз үшін өте манызды болып табылады, өскелең ұрпақтың табиғатымызды сақтаудың маңыздылығын бағалауы және білуі маңызды. Осындай ниетпен мен мектеп оқушыларын шақыруды шештім, менің ойымша, біз бұл тапсырманы өте жақсы орындадық", - деп атап өтті Қарағанды қаласы Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының басшысы Байтохин Талгат Нургазыевич. Жастар ресурстық орталығының басшысы Джамалов Якуб Хамидович - "Біздің орталықтың жұмысының көмегімен біз қала жастарын қоқысты тазалап қана қоймай, оның жиналуына жол бермеу үшін табиғатқа жауапкершілікпен және ұқыпты қарауға шақырамыз, қалада тазалық пен жайлылық әр тұрғынға байланысты және қоршаған ортаны сақтау бойынша бірлескен күш-жігерге шақырды".
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -