Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы Абай күніне арналған көрмеге шақырады
Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы "Абай шығармашылығының музейлік түсіндірмесі" атты философиялық экспозицияны тамашалауға шақырады. Экспозицияда Абай шығармалары музей эскпонаттарымен ұштастыра отырып қойылған.
Оныншы тамызда Абай күні атап өтіледі. Көрме өз жұмысын бастады. Экспозицияның ортасында қазан мен бұтақтары шаңыраққа қарай ұмтылатын ағаштар орналасқан. Жапырақтарда махаббат, өнер, ғылым және т. б. туралы өлеңдер, сондай-ақ Абайдың дана сөздері мен аудармалары бар.
Ақынның шығармаларын мұражай тұрғысынан ашатын экспонаттар қойылған.
Мысалы, Абайдың "Алланың өзің де рас, сөз де рас", "Алла деген сөз жеңіл" сияқты өлеңдерін мұражай қызметкерлері құранмен, жайнамазбен және т. б. байланыстырған. Бүркіт, түлкі терісі мен ер-тоқым "Қансонарда бүркітші шығады аңға" туындысын суреттейді. Махаббат лирикасын домбыра, әйелдер бас киімі және "Көзімнің қарасы" әніне арналған ноталар сүйемелдейді.
Мұражай мекен-жайы: Теміртау қаласы, Металлургтер даңғылы, 28/4.
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 09:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі-10:00-ден 18:00-ге дейін. Жексенбі-демалыс.
Анықтама телефондары: 93-19-05, 8-747-185-58-02.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -