Теміртау театры жаңа маусымды халықаралық қойылыммен бастайды
Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры жаңа маусымды премьерамен ашады. 21 және 22 қыркүйекте Үлкен зал сахнасында көрермендер Астрид Линдгреннің "Пеппи және қазына чемоданы" повесі негізінде спектакльді тамашалайды.
Пьеса туған қаласына қарапайым жұмыс күніне оралған шуақты қыз туралы баяндайды. Пеппи керемет жетістікке жетеді. Ол кемпірқосақтың барлық түстерімен сұр қаланы ғана емес, адамның жанын да бояйды. Ал жергілікті тұрғындардың барлығы қатты толқуда: ерекше қыздың чемоданында қандай қазына жасырылған? Деген сұрақ әркімді ойландырып қояды.
Режиссерлік-сахналау тобы – Олег Керимов пен Евгения Тесла-Ярцева, қоюшы-суретші – Анна Трушкова.
Спектакльдің жас санаты – 5+.
Басталуы сағат 12:00-де.
Ұзақтығы – 70 минут.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -