Теміртауда автомобиль өнеркәсібі үшін мамандар оқытылады
Қарағанды Индустриалды университетінде "автомобиль жасау" мамандығы бойынша студенттер оқытыла бастады. Теміртау ЖОО-да QazTehna автобустар мен арнайы техника шығаратын Саран зауытымен ынтымақтастықтың арқасында жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды.
QazTehna зауытында корпоративтік университет жұмыс істейді. Мұнда өндірістен қол үзбей кәсіпті меңгеруге болады. Кәсіпорынның келесі қадамы ЖОО-да жас мамандарды даярлау болды. Ол үшін QazTehna корпоративтік университеті ҚарИУ-мен бірлескен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, "автомобиль жасау" жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Студенттер теорияны үш негізгі модуль бойынша оқиды: жеңіл автокөлік, жолаушылар көлігі және арнайы техника. Университет базасында QazTehna зауытының мамандандырылған зертханасы ашылды.
Практикалық дағдыларға келетін болсақ, тәжірибені болашақ автомобиль өндірушілер тікелей зауытта алады. Онда олар оқу бітіргеннен кейін жұмыс таба алады.
– Біз үшін студенттерді теориялық біліммен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар олар өндірісте тікелей қолдана алатын практикалық дағдыларды қалыптастыру өте маңызды. Яғни, студенттер бізде еңбекақысы төленетін тәжірибеден өтіп, зауытқа жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады, – дейді QazTehna корпоративтік университетінің басшысы Айдос Айтбаев.
ҚарИУ ректоры Бақыт Жәутіковтың айтуынша, дуальды оқыту, қашықтықтан оқыту элементтері сияқты жаңа білім беру технологиялары енгізіледі. Студенттер бір уақытта жұмыс істейді және оқиды. Ол үшін кафедра филиалын тікелей өндірістің өз басында құру жоспарланған. Келісімге қол жеткізілді.
Биыл жаңа мамандыққа жеті адам түсті. 4 жылдан кейін олар отандық жоғары оқу орнында мамандық алған Қазақстандағы алғашқы автомобиль инженерлері болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -