Теміртауда "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті: 40-тан астам адам тегін заң көмегін алды.
"Халық заңгері" акциясының аясында теміртаулықтарға қаланың заңгер мамандары тегін кеңес берді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау форматында іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде Теміртау қаласы прокуратурасының басшылығы қатысты. Кез келген адам өз сұрағын қоя алды. Айта кетейік, азаматтарды қабылдау уақытпен шектелмеген, қабылдау соңғы келушіге дейін жүргізілді.
Акцияның мақсаты-құқықтық сауаттылықты арттыру және тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Іс-шараға 40-тан астам адам қатысты. Азаматтарды толғандыратын негізгі мәселелер-алимент төлеу, жеке сот орындаушыларының жұмысы, салық салу, құқық қорғау органдарына және коммуналдық қызметтерге жүгіну.
Іс-шараны дәстүрлі түрде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz әлеуметтік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Теміртау әкімдігі және қалалық заң қоғамы ұйымдастырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -