Токиода ЕҰУ профессорына Геотехника саласына қосқан үлесі үшін сыйлық берілді
Токиода ЕҰУ профессорына Геотехника саласына қосқан үлесі үшін сыйлық берілді
Жапония астанасы Токиода Еуразия ұлттық университетінің профессорына ЕҰУ геотехникалық институтының директоры Асқар Жүсіпбековке жапондық геотехникалық және қазақстандық геотехникалық қауымдастықтар арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтудағы ерекше еңбегі үшін Жапон геотехникалық қауымдастығының сыйлығы берілді. Марапатты Жапония геотехникалық қауымдастығының президенті Юничи Косеки тапсырды.
Профессор Асқар Жүсіпбековтің күш-жігерінің арқасында ЕҰУ-дың 20 докторанты Жапонияның жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті, сондай-ақ 20-дан астам жапондық профессорлар Қазақстанның жоғары оқу орындарында дәріс оқыды. Киото университетімен және гео-зерттеу институтымен (Осака қ.) бірлесіп Астана үшін геоақпараттық деректер базасы әзірленді.
ЕҰУ ғалымы 20-дан астам жапон университеттері мен ірі жапон геотехникалық орталықтарына дәріс оқыды. Оның ғылыми жетекшілігімен Жапония, Тайвань, Түркия, Тәжікстан, Ирак, Үндістан, Камбоджа, Ресей, Беларусь және әлемнің басқа елдерінен докторанттардың докторлық диссертациялары қорғалды, сондай-ақ Жапонияда, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде (Австралия, Гонконг, Оңтүстік Корея, Ресей, Тайвань,АҚШ) отыздан астам халықаралық геотехникалық конференциялар ұйымдастырылды, Польша, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка және әлемнің басқа елдері).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -