Триатлоннан Азия кубогы: елордалық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді
Түркістан қаласында 2 күнге созылған триатлоннан Азия Кубогы аяқталды. Жарыс кезінде Қазақстан, Өзбекстан, Германия, Сингапур, Қырғызстан, Беларусь елдерінен келген атлеттер ересектер (элит) және жасөспірімдер санатында кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айтулы додада жасөспірімдер санатында Астана қаласының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда ерлер арасында Әли Жанат алтыннан алқа тақса, Қуаныш Бекенов күміс жүлдегері атанды. Ал қыздар арасында Диана Ержанова бірінші орынға ие болды.
Олар 750 метрге жүзуден, 20 шақырым веложарыстан, 5 шақырым жүгіруден сынға түсті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -