«TURKISTAR» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ: Түркістан облысы, 04 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«TURKISTAR» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін облыс орталығында Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасындағы «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. Бұған дейін, ән, би және аспапта ойнау жанрлары бойынша өткен байқау бүгін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша жалғасын тапты. Аталмыш жанр бойынша 125-тен астам үміткер өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік деп танылған таланттар жүлделі орынды қанжығаларына байлады. Қазылар алқасының шешімімен көркем сөз оқу жанры бойынша жүлделі l орын Ордабасы ауданынан қатысқан Тоғай Бақбергенге бұйырды. Ал актерлік шеберлік бойынша Түркістан қаласы, «АКА» шығармашылық орталығы үздік деп танылып, жүлделі I орынды иеленді. Қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша Мақтаарал ауданынан Естөре Рауан, Келес ауданынан Жолдасбек Айтжан және Қазығұрт ауданынан Дайырбек Асылайым жүлделі I орынды иеленді. Бұдан бөлек жоғары деңгейде өнерін көрсеткен бүлдіршіндерге II, III орындар және арнайы жүлделер табысталды. Айта кетейік, байқаудың мақсаты дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыруға бағытталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін облыс орталығында Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлер тарапынан ұйымдастырылған үйірмелер арасындағы «TurkiSTAR» балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық өнер фестивалі өтті. Бұған дейін, ән, би және аспапта ойнау жанрлары бойынша өткен байқау бүгін актерлік шеберлік, көркем сөз оқу және қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша жалғасын тапты. Аталмыш жанр бойынша 125-тен астам үміткер өз бақтарын сынады. Жүзден жүйрік деп танылған таланттар жүлделі орынды қанжығаларына байлады. Қазылар алқасының шешімімен көркем сөз оқу жанры бойынша жүлделі l орын Ордабасы ауданынан қатысқан Тоғай Бақбергенге бұйырды. Ал актерлік шеберлік бойынша Түркістан қаласы, «АКА» шығармашылық орталығы үздік деп танылып, жүлделі I орынды иеленді. Қылқалам, қолөнер шеберлері мен киім дизайны жанрлары бойынша Мақтаарал ауданынан Естөре Рауан, Келес ауданынан Жолдасбек Айтжан және Қазығұрт ауданынан Дайырбек Асылайым жүлделі I орынды иеленді. Бұдан бөлек жоғары деңгейде өнерін көрсеткен бүлдіршіндерге II, III орындар және арнайы жүлделер табысталды. Айта кетейік, байқаудың мақсаты дарынды балаларға қолдау көрсетуге, өскелең өрендеріміздің шеберлігін шыңдап, өнерге ынталандыруға бағытталған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар