ТЖ вице-министрі ШҚО-ның су тасқыны қауіпті аудандарын тексерді
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына қауіпті аймақтарына барды.
Сапардың негізгі мақсаты — гидротехникалық құрылыстардың жағдайымен танысу және өңірдің көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау.
«Су тасқыны маусымы — бұл мүмкін болатын төтенше жағдайларға алдын ала дайындалудың маңызды кезеңі. Біз гидротехникалық объектілердің жағдайына ерекше назар аударып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су басу қаупін азайту және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс атқарып жатырмыз», — деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.
Сондай-ақ, вице-министр жергілікті әкімдермен кездесіп, су тасқынының алдын алу шараларын талқылады. Ол өңірдегі жол бойларында қыста ашылатын жылыту пункттерде болып, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Бұл пунктер төтенше жағдайлар кезінде суықтан паналауға, медициналық көмек көрсетуге және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған.
Сонымен қатар вице-министр Шығыс Қазақстанда орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖ қызметінің бөлімшелерін де аралап, материалдық-техникалық базаның жағдайымен танысты. Ол Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелерін жаңа техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Жаңа техника өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару қызметтеріне жеткізілуде, әрі бұл алғашқы оң нәтижелерін бере бастады.
«Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін техника мен құрал-жабдықтарды жаңарту — төтенше жағдайларға жедел және тиімді әрекет ету деңгейін көтерудің маңызды қадамы», — деп атап өтті вице-министр.
Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру жөнінде бірнеше тапсырмалар беріп, облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту міндеттерін қойды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -