ТЖМ құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді
Өткен түні Түркістан облысы Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің Жартытөбе ауылынан 14 км қашықтықта ТЖД мен туыстарының күшімен 1984 және 2006 жылы туған екі ер адамды іздестірілді. Олар кешке Шолақорған ауылындағы «Ақтас-Әулие» бұлағынан жеңіл автокөлікпен шығып, қайтар жолда адасып кеткен. Сағат 01:25-те құтқарушылар бұлақтан 9 км қашықтықта жоғалып кеткендерді тауып, кюветте тұрып қалған көлікті тартып шығарды.
Сонымен қатар Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз ауылында құтқарушылардың күшімен 1974 жылы туған ер адамды іздеу жүргізілді. Ол 28 қазанда күндіз тау жаққа қарай мал іздеуге аттанып, жоғалып кетті. Бүгін тәңертен сағат 07-50-де құтқарушылар жоғалған адамды тапты, медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру ҰҰА қолдану арқылы жүргізілді, сонымен қатар Қонаев қаласының жедел-құтқару жасағының кинологиялық есебі де қатысты. Іздестіруге ТЖД, ПД, жергілікті атқарушы органдардың 22 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.
Құтқарушылар алыс қашықтыққа шығар алдында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -