ТЖМ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде 2024 жылғы 21 қыркүйекте ТЖМ Орталық аппаратының қызметкерлері Астана қаласының әкімдігі өткізген жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілікке қатысқандардың әрқайсысы атқарылған жұмыстан қанағаттану, әріптестерімен қарым-қатынастан жақсы көңіл-күй және қаладағы жайлылық пен тазалықты құрудағы үлестерін қосқаны үшін жақсы әсер алды.
Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жыл сайынғы экологиялық айлықтар ТЖМ қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды.
ҚР ТЖМ Кадр және тәрбие жұмысы департаменті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -