"Уақыт пен кеңістіктегі Қарағанды" суретшілер симпозиумы
Облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Уақыт пен кеңістіктегі Қарағанды" қалалық шығармашылық симпозиумы өтуде. Оның шарттарына сәйкес әр қатысушы берілген тақырыпқа 120 да 100 см-ге дейін бір көркем шығарма жазуы тиіс. Жұмыс мұражайда орындалады.
– Бұрын біздің мұражайда мұндай іс-шаралар болған емес. Бұл шығармашылық симпозиум, қандай да бір кездесулер мен конференцияларсыз. Қала суретшілері қысқа мерзімде (20–28 тамыз аралығында) "Қарағанды уақыт пен кеңістікте" тақырыбы бойынша форматты сюжеттік жұмыс жасауы тиіс. Мұнда кез келген нәрсе болуы мүмкін, біз оларды тек реализммен шектемедік. Мүмкін олар бізге болашақта Қарағанды қандай болатынын көрсетер немесе өткен күндер мен тұлғаларды еске алады. Симпозиум қаланың 90 жылдығына арналған, – деді музей басшысы Бибігүл Құдабаева.
Симпозиумға алты қарағандылық суретші қатысады: Айбек Бегалин, Бейбіт Мұстафин, Игорь Раков, Мадихан Қалмаханов, Қаныш Балабеков және Виктор Арент.
– Мен өз жұмысым туралы айтарым, бұл абстрактілі стильде, бірақ түсінікті болатын туынды. Мен оны "Кеншілер қаласы" немесе "Кеншілер мерекесі" деп атағым келеді, – дейді Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Бейбіт Мұстафин.
Симпозиум шарттары бойынша суретшілердің барлық жұмыстары мұражай қорына түседі. 28 тамызда қорытындылар жарияланады, көрме ұйымдастырылады және қатысушыларға сыйлықтар беріледі.
Кейінірек жинақ-альбом шығару жоспарланған, оған симпозиумдағы фотосуреттер, суретшілер туралы ақпарат және олардың жұмыстары кіреді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -