Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары Алматы, Сарыөзек гарнизондарында болды
ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықов өңірлерде жеке құраммен бірқатар кездесулер өткізді.
Ол Алматы, Нарынқол, Шонжы және Жаркент қалаларында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде мерзімді қызмет сарбаздары үшін жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Жауынгерлермен әңгімелесу барысында полковник Талғат Сыздықов мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне жеңілдікпен білім беру мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтты.
– Жауынгерлік дайындық пен қызметтік міндеттерін орындауда өзін жақсы жағынан көрсеткендер ҰБТ тапсырусыз еліміздің жоғары оқу орындарына түсе алады. Бұл жай ғана артықшылық емес, жоғары көрсеткіштері, қызметке деген адалдығы үшін лайықты марапат, – деп атап өтті полковник Талғат Сыздықов.
Қорғаныс министрлігінің білім беру бастамасы әскери қызметшілердің қызығушылығын тудырғанын айта кету керек. Көпшілік сарбаздар осы бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында бес ай бұрын Түркістан облысынан шақырылған мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Азамат Анаралиев те бар.
– Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына түскім келеді. Сол себепті жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарында жоғары нәтиже көрсетуге барымды саламын. Бұл менің әскери саланы одан әрі игеруге итермелейді, – деп өз ойын бөлісті қатардағы жауынгер.
Сонымен қатар Әуе қорғанысы күштерінің бас тәрбиешісі тұрақты жеке құраммен профилактикалық әңгімелер өткізді. Онда отбасылық жанжалдардың алдын алу, әскери тәртіпті сақтау, жолдастық қатынастарды нығайту және әскери қызметшілердің психологиялық ахуалына қамқорлық көрсету мәселелері көтерілді.
Алматы, Сарыөзек гарнизондарындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдеріне сапар қорытындысы бойынша жеке құрам арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне оң баға берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -