«Әуежай» шағын ауданында жаңа медициналық орталық ашылды.
Бүгін Қостанайда маңызды іс-шара — «Әуежай» шағын ауданында жаңа заманауи медициналық орталық ашылды.Бұл қалада және жалпы облыс бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.Ағымдағы жылдың ішінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 109 млрд теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ке артық. Білікті медициналық кадрларды тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері өңірге Қазақстанның басқа облыстарынан 200-ге жуық маман келді, оның ішінде 100-ден астам тәжірибелі дәрігерлер, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір асып түсті.Бүгінгі таңда облыста 450-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді, олардың көбісі Қостанайда орналасқан. Ауылдық жерлерде де медициналық мекемелер желісін кеңейту жұмыстары жалғасуда. 25 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісінің (ФАП және дәрігерлік амбулаториялар) құрылысы жүргізілуде, оның 6-сы аяқталды.«Юбилейный», «Береке», «Әуежай» және «Қонай» сияқты қаланың жаңа шағын аудандарына емханалар мен медициналық орталықтар қажет. «Юбилейный» шағын ауданында күніне 250 келушіге арналған емхананың құрылысы басталды, ол «Береке» шағын ауданының тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, «Әуежай» шағын ауданында емхана салу жоспарлануда.Жаңа медициналық орталық құрылысының құны 1 млрд теңгені құрады, ал заманауи медициналық жабдықтарды сатып алуға 450 млн теңге жұмсалды. Орталықта 40 жұмыс орны ашылды, оның ішінде дәрігерлер үшін - 18 жұмыс орын. Жаңа медициналық орталық өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің маңызды элементіне айналады және оның арқасында «Әуежай» шағын ауданының тұрғындары сапалы медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталықтың ұжымын құттықтап, денсаулық, табыс, мол жетістіктер тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -