В Алматинской области произведено аэровизуальное обследование морённых озёр
2024 жылғы 5 тамызда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қазселденқорғау» ММ - нің қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.Құдайбергеновтің қатысуымен, Талғар тауларындағы №19 көлдің және Талғар, Есік өзендері бассейндерінің жағдайын кешенді бағалау мақсатында, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ЕС-142 «Қазавиаспас» тікұшағымен Түрген өзені алабында және Үлкен Поляна өлшеу станциясында болды. Жыл сайын сел қауіпі кезеңдерінде, «Қазселденқорғау» ММ Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Талғар және Түрген өзендерінің бассейндеріндегі аса қауіпті морена-мұздық көлдерді сифон төсеу арқылы босату бойынша, гравитация арқылы суды ағызу үшін құбырлар, сонымен қатар қолмен орындалатын ағызу арналарын тереңдету, және өнімділігі жоғары сорғыларды орнату арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Қазіргі уақытта сел жүру белгілері жоқ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -