Ветеринарияның өзекті мәселелері талқыланды
Ветеринариялық қызметкер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Ветеринарияның өзекті мәселелері: жай-күйі және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Шараға Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Аманғали Бердалин, ғалымдар, сала ардагерлері мен мамандары қатысты.
Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі Қазақстанның ветеринариялық қызметі жұмысының маңыздылығын атап өтіп, оны жақын арада дамыту жоспарлары туралы айтты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар жұмысты жақсартудың және салаға жас мамандарды тартудың, тәжірибелі ветеринарлық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығы жайында пікір алмасты.
Ветеринария саласындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату, процестерді цифрландыру, қызметкер жалақысын арттыру және жүйені реформалау шеңберінде әлеуметтік қолдау шаралары есебінен ветеринарлық мамандардың жұмысын оңтайландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы Самат Төлегенов жануарлар иелерінің жауапкершілігін арттыру және халықаралық стандарттарды енгізу арқылы ветеринариялық қызметке деген сенім мен өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін арттыруға бағытындағы пікірін ортаға салды.
Жиын соңында қатысушылар осындай бас қосулар мен пікір алмасулар ветеринария саласының мәселелерінің оң шешілуіне ықпал ететінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -