ВИЦЕ-МИНИСТР ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ ӨСКЕМЕН МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНІНЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Өскеменге жұмыс сапары аясында өңірдегі металлургия саласының кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ ол «Қазмырыш» компаниясының Өскемен металлургия кешенінің аумағында орналасқан мыс зауытын, мыс электролизі цехын және бағалы металдар өндіру зауытын аралады.
Ғылым және жоғары білім вице-министріне шикізатты өңдеуден бастап металл алуға дейінгі мыс өндірісінің толық тізбегі бойынша өндірістік процестер мен оларда қолданылатын заманауи технологиялар таныстырылды. Сонымен қатар Дархан Ахмед-Заки өнеркәсіп өкілдерімен өз салаларындағы ғылым мен инновацияны дамытуға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.
Мыс зауыты – Аустралия, Германия, Финляндия және Швециядан әкелінген технологиялық схемалар мен жабдықтарды пайдаланатын «Қазмырыштың» ең жаңа өндірісі. Өндірушілер зауыт құрылысында заманауи технологияларды қолдану арқылы әсерлі нәтижелерге қол жеткізілгенін және мыс электролизі цехының жұмысының арқасында өндірісте қатты қалдықтардың толығымен жойылғанын атап өтті.
- Ғылыми қоғамдастық үшін ірі компаниялармен өзара іс-қимыл жасау өте маңызды. Мысалы, өңірлерде әкімдіктер жанынан ғылыми кеңестер ашылуда, өндірістік секторлар жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен (ҒЗИ) тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей алады. Ғылыми қоғамдастық, ғалымдар, жоғары оқу орындары мен ҒЗИ өндірістік міндеттерді толығымен игеріп, осы саладағы мәселелерді шешуге көмектесе алады. Бұл орайда отандық жоғары оқу орындары мен ғалымдар үшін үлкен әлеует бар, - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.
Өскемен металлургия кешеніндегі бағалы металдар өндіру зауыты аффинаждық өндіріспен айналысып, «Қазмырыш» технологиясы бойынша алтын мен күмісті құйма түрінде өндіреді (Au және Ag мазмұны тиісінше 99,99%). Екі металл да Лондондағы бағалы металдар биржасының Good Delivery тізіліміне енгізілген (Deer бренді).
Сапар барысында өндіріс көлемін ұлғайту перспективалары және металдарды тиімді өндіру мен қайта өңдеу үшін озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді пайдалану мүмкіндіктері талқыланды. Кәсіпорын басшылығы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғалымдар мен өндірушілердің күш-жігерін біріктіру мақсатында технологиялық міндеттердің шешімдерін іздестіру үшін Шығыс Қазақстанда ғылыми-техникалық хакатон ұйымдастыру жөніндегі бастамасын қолдады. Хакатон Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында өтеді.
Вице-министр Қазақстанның металлургия саласындағы әлемдік ұстанымын нығайту мақсатында ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті. Ол кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін жаңа жетістіктер мен жоғары технологиялық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -