«WORLD TRAVEL MARKET LONDON 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА: Түркістан облысы, 07 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«WORLD TRAVEL MARKET LONDON 2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛУДА

WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС аймақтың бірегей туристік әлеуетін ұсынуда. Бұл көрме – Түркістанның мәдени және тарихи мұрасын насихаттап, туризм саласына халықаралық инвестициялар тарту үшін маңызды алаң. Түркістан облысының өкілдері әлемнің жетекші туроператорларымен байланыс орнатуға, ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу бағыттарын талқылауға мүмкіндік алуда. Қазақстанның тарихи орталығы саналатын Түркістан ежелгі сәулет ескерткіштері мен бірегей мәдениетті қамтитын әртүрлі туристік бағыттарды ұсынады. Лондондағы көрме арқылы аймақтың шынайы сұлулығы мен байлығын көрсетіп, Түркістанның халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік туады. WTM London 2024 көрмесіне қатысу арқылы Түркістан облысының туризм индустриясын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп күтіліп отыр. Халықаралық көрме аясында Түркістан облысының павильонына Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ильясов келді. Елші аймақтың осындай беделді көрмеге қатысуының маңызын атап өтіп, бұл Түркістанның туристік әлеуетін ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік екенін айтты. Мағжан Ильясов сондай-ақ туризм саласында халықаралық серіктестермен жаңа әрі нәтижелі қарым-қатынастар орнату, туристік инфрақұрылымды дамыту және аймаққа инвестициялар тарту үшін осындай көрмелерде тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
WTM London 2024 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген туризм саласының өкілдерін жинайтын ең ірі халықаралық туристік көрме. Биыл көрмеге Қазақстан Республикасының атынан Түркістан облысы да белсенді қатысуда. Аталған көрмеде Түркістан облысының Туризм басқармасы, Түркістан қаласының әкімдігі мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС аймақтың бірегей туристік әлеуетін ұсынуда. Бұл көрме – Түркістанның мәдени және тарихи мұрасын насихаттап, туризм саласына халықаралық инвестициялар тарту үшін маңызды алаң. Түркістан облысының өкілдері әлемнің жетекші туроператорларымен байланыс орнатуға, ынтымақтастық орнату және тәжірибе алмасу бағыттарын талқылауға мүмкіндік алуда. Қазақстанның тарихи орталығы саналатын Түркістан ежелгі сәулет ескерткіштері мен бірегей мәдениетті қамтитын әртүрлі туристік бағыттарды ұсынады. Лондондағы көрме арқылы аймақтың шынайы сұлулығы мен байлығын көрсетіп, Түркістанның халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтуға мүмкіндік туады. WTM London 2024 көрмесіне қатысу арқылы Түркістан облысының туризм индустриясын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылады деп күтіліп отыр. Халықаралық көрме аясында Түркістан облысының павильонына Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Мағжан Ильясов келді. Елші аймақтың осындай беделді көрмеге қатысуының маңызын атап өтіп, бұл Түркістанның туристік әлеуетін ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік екенін айтты. Мағжан Ильясов сондай-ақ туризм саласында халықаралық серіктестермен жаңа әрі нәтижелі қарым-қатынастар орнату, туристік инфрақұрылымды дамыту және аймаққа инвестициялар тарту үшін осындай көрмелерде тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар