«Ғылым адамы» айдарымыздың келесі кейіпкері – Дәурен Құлбатыров.
Дәурен Қамысбайұлы – Utebayev University Н.К.Нәдіров атындағы Мұнай-химия инженериясы және экология институты «Геоэкология» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.
Ғылыми және педагогикалық қызметін 2003 ж. Атырау мұнай және газ институтында тәжірибе жинақтаушы-оқытушы болып бастады.
Жетекші ғылыми жобалары қатарында келесі жобалар саналады:
Индер көлінің табиғи суын ұтымды пайдалану (2017 ж.); Солтүстік-Шығыс Каспий жағалау белдеуінің фондық жағдайы (2019-2020 жж.); Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделетін мұнай құрамын зерттеу (2022-2023 жж.); Күкіртті сақтау алаңының атмосфералық ауа сапасына әсерін зерттеу (2023 ж.).TEMPUS IEMAST: «Өнеркәсіптік экология» (2012-2015 жж.), Erasmus+ GEOCLIC: Климат өзгеруіне бейімделу (2020-2023 жж.) Халықаралық жобаларына қатысқан.
Дәурен Құлбатыровтың ғылым жолына келуіне өзі білім алған оқу орнындағы жетекшілері ықпал болған. Университет қабырғасында тәжірибе жинақтаушы-оқытушы қызметінен бастап, түрлі лауазымдарды атқарып, бүгінде Геоэкология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері болып қызмет етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -