Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ШҚТУ студенттерімен кездесті: Астана қаласы, 27 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ШҚТУ студенттерімен кездесті

Саясат Нұрбек Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне сапары барысында оқу орын студенттерімен және шетелдік білім алушыларымен кездесу өткізді. Ведомство басшысымен диалог барысында жастар өз жобалары мен стартап-идеяларын таныстырып, түрлі тақырыптардағы толғандыратын сұрақтарын қойды.

Мәселен, ШҚТУ-дың сәулетші студенттері өздерінің оқу және ғылыми қызметтері аясында сан алуан бағытта әзірлеген бірегей жобаларын таныстырды. Олар тарихи ғимараттарды қалпына келтіру бағытында инновациялық тәсілдерді ұсынып, мәдени мұраны қазіргі заманғы қалалық инфрақұрылым стандарттарымен ұштастыра отырып, қалалық көшелерді, саябақтарды және қоғамдық орындарды абаттандыру жоспарларын жасады. Жас сәулетшілер өз жобаларын әзірлеу барысында олардың ыңғайлы, экологиялық әрі функционалды қалалық орта құруға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ Саясат Нұрбек ШҚТУ-да «Лу Бань шеберханасы» атты бірегей оқу орталығында білім алып жатқан шетелдік студенттерімен де кездесті. Моңғолиядан, Беларусиядан және Ресейден келген студенттер: Ақжол Адалбек, Матвей Манько және Денис Коротков министрмен әңгіме барысында ШҚТУ-дағы оқу тәжірибелерімен бөлісіп, «Лу Бань шеберханасында» білім алу олардың кәсіби дамуына кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті – жоғары дайындық деңгейі мен заманауи технологияларға қолжетімділік арқасында олар әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті маманға айналады.

- Өткен жылы біз «Лу Бань шеберханасын» аштық, бұл электромобильдерді жобалау, қызмет көрсету, прототиптеу және дизайн бойынша инженерлер мен мамандарды даярлайтын алғашқы мамандандырылған орталық болды. ШҚТУ-дың осы табысты тәжірибесінің арқасында Қытай үкіметі өздерінің «бір елде бір шеберхана» қағидасынан бас тартып, Қазақстанда тағы осындай 2 шеберхана ашуға шешім қабылдады, - деп атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Enactus EKTU командасы өздерінің стартап-идеяларымен және инновациялық шешімдерімен бөлісті. Студенттер экология, тұрақты даму және цифрлық технологиялар саласындағы бірнеше жобаларын таныстырды, олар әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған.

Артынан студенттер министрмен бірге шағын жастар перформансын ұйымдастырды және 3D принтерде басылған титаннан жасалған «асық» ұсынды.

Министр жастармен өзара түсіністік пен ынтымақтастықты жақсарту үшін студенттермен мұндай кездесулер мен диалогтардың қажет екенін, бейресми ортадағы қарым-қатынас жақсы өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектесетінін атап өтті. Саясат Нұрбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің бастамаларын, әсіресе ғылым, инновация және кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған жобалар мен идеяларды болашақта қолдауға әзір екендігін білдірді.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар