Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Самұрық-Қазына» серіктестікті дамытады
Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов кездесті. Сондай-ақ, кездесуге Министрліктің Ғылым, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеттерінің басшылығы, «Ғылым қоры» АҚ, Қордың портфельдік компаниялары мен «Самғау» ҒТБО өкілдері қатысты. Тараптар Қордың компаниялар тобының ғылыми жобаларын қолдау және әртүрлі салалар бойынша тапшы мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта Қорда энергетика, мұнай-химия, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және басқа да салалар бойынша мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Министрлік нақты өндірістік мәселелерді шешу үшін қолданбалы ғылымды белсенді түрде дамытуын жалғастыруда. Тау-кен-металлургия кешені (ТМК) проблемалары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу комитеті аясында Kazakhmys, ERG және Qarmet компанияларымен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде. Ғалымдар бизнеске технологиялық мәселелерді шешуге көмектесетін хакатондар үнемі өткізіліп тұрады. Мұндай іс-шаралар «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-мен бірлесіп сәтті жүзеге асырылды. Кездесу барысында 2024 және 2025 жылдары Қазақстанның әртүрлі қалаларында бірнеше технологиялық сессиялар (хакатондар) өткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды. 2024 жылғы қыркүйекке дейін «Самғау» ҒТБО қаржыландыру үшін жіберілген 127 өтінімнен 15 жобаны таңдаған болатын. Оларды «Самұрық-Қазына» және Министрліктің қатысуымен Қордың кәсіпорындарында енгізу жоспарланған. Мысалы, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС күкірт қалдықтарын қолданудың тиімді жолын тауып, одан жәндіктермен күресетін құрал өндіруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» тобына кіретін компаниялар үшін кадрлар даярлау мәселесі талқыланды, соның ішінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарындағы бағдарламалар да бар. Қазақстанда қазір 23 шетелдік университеттің филиалы жұмыс істейді, олардың көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -