«Қысқа ішек синдромы» ауруына қарсы дәрілік зат бойынша тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды хабарландыру: Павлодар облысы, 16 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Қысқа ішек синдромы» ауруына қарсы дәрілік зат бойынша тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды хабарландыру

 

«Қысқа ішек синдромы» ауруына қарсы дәрілік зат бойынша тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды хабарландыру   Тендерді ұйымдастырушы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Шашыраңқы склероз» дәрілік зат сатып алу бойынша тендерді өткізу туралы жариялайды. Сатып алынатын толық тізбесі, дәрілік заттарды сатып алынатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әр бір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен шарттары – тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасына сәйкес.

Тендерлік құжаттама пакетін 2024 жылғы 27 тамыздың 10 сағат 00 минут дейінгі мерзімде қоса алғанда, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, № 415 кабинет мекенжайынан немесе

depzdrav_pvl_gz@mail.ru

электрондық пошта арқылы немесе depzdrav.gov.kz тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 04 қыркүйек жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минут дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2024 жылғы 04 қыркүйек жергілікті уақытпен 12 сағат 00 минут Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, № 415 кабинет мекенжайы бойынша ашылады.

Әлеуеітті өнім берушілер тендерлік өтінімдер бар конверттердің ашылуына қатыса алады.

Өкіл (ұйымдастырушы) Бакиров Е.С. - мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail:

www.balgabay.maksat@pavlodar.gov.kz

.

 

 

 Бекітілген

«Павлодар облысының денсаулық

сақтау басқармасы» ММ

басшысы А. Бұйрашев

2024 ж 15 тамыз №93 -Ө

 

 

2024 жылға арналған

«Қысқа ішек синдромы» ауру бойынша дәрілік зат сатып алу бойынша ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА

 

2024 жылға арналған «Шашыраңқы склероз» ауру бойынша дәрілік заттар сатып алу жөніндегі тендерге қатысу және тендерлік өтінімдерді дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге тендерді ұйымдастырушы ұсынатын осы тендерлік құжаттама (бұдан әрі – тендерлік құжаттама) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» талаптарға сәйкес әзірленеді (бұдан әрі – Қағидалар).

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығымен.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ -77 бұйрығымен.

Тендерді ұйымдастырушы және тапсырыс беруші:

«Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, БСН 9407400000674, ЖСК KZ10070102KSN4501000, БСК KKMFKZ2A, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ Павлодар қаласы, КБе 16, коды ММ 2533001.

Өкіл (ұйымдастырушы) Бакиров Е.С. – мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail: www.balgabay.maksat@pavlodar.gov.kz

Тендерлік құжаттама тегін беріледі.

Жалпы ережелер Тендер 2024 жылға арналған «Қысқа ішек синдромы» ауру бойынша дәрілік зат сатып алу үшін жеткізуші (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі. Осы тендер үшін сатып алу үшін бөлінген сома: 178 457 552 (жүз жетпіс сегіз милион төртжүз елу жеті мың бесжүз елу екі) теңге

 

Лот

Тауардың атауы

Қысқаша техникалық сипаттама

Өлш бірл.

Саны

Бірлік үшін бағасы

Жалпы сомасы теңгемен

1

Тедуглутид 5 мг

Тедуглутид

5

мг

.

белсенді

ингредиент-5

мг

тедуглютид.

дәрілік

түрі-

бөтелкедегі

инфузияға

арналған

ерітінді

дайындауға

арналған

лиофилизат

және

инъекцияға

арналған

ерітінді

дайындауға арналған

еріткіш.

Ақ

ұнтақ

және

еріткіш

мөлдір,

түссіз

таблетка

728

245 134

178 457 552

 

Барлығы

 

 

 

 

178 457 552

 

3 . Осы тендерлік құжаттама мыналарды қамтиды:

1)  лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы, санын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі, осы тендерлік құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес жеткізу мерзімі;

2) Осы тендерлік құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауардың сипаттамасы және талап етілетін сапалық сипаттамалары, жеткізу кестесі;

3) осы тендерлік құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін тендерге қатысуға өтінім нысаны;

4) осы тендерлік құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттар тізімдемесін толтыру нысаны;

5) осы тендерлік құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің баға кестесінің нысаны;

6) осы тендерлік құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банк кепілдігінің нысаны(тендерлік немесе конкурстық өтінімді қамтамасыз ету түрі);

7) осы тендерлік құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес шарттың жобасы.

8) осы тендерлік құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес банк кепілдігінің нысаны(шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі).

Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар ) 1 бөлімнің, 1 тарауының 8, 9, 10, 11, 12, 13 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жеткізу орны, талап етілетін шарттары: №1 қосымшаға сәйкес. Төлем шарттары нақты жеткізілген тауар үшін шот-фактураға және шығыс жүкқұжатына сәйкес тауар жеткізілген кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде төленеді.

 

Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары

 

Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

1) Құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

2) тиісті фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілеттілігі;

3) тендерлік комиссияның (комиссияның) мүшелерімен және хатшысымен, сондай-ақ Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың өкілдерімен тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдер қабылдауға және (немесе)тендерлік комиссия (Комиссия) қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге құқығы бар үлестес емес;

4) бюджетке берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болмауы;

5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпаса тоқтатылуға тиіс.

Осы тармақтың талаптары шетелдік тауар өндірушілерден, Халықаралық фармацевтикалық ұйымдардан және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.

Сатып алу кезінде осы Қағидаларда көзделмеген талаптар қойылмайды. Әлеуетті өнім беруші бір лот бойынша сатып алу шеңберінде, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттары бойынша оның жиынтықтылығы талап етілетін жағдайды қоспағанда, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның бір саудалық атауын ұсынады.

 

Тендерді ұйымдастырушының ережелерді түсіндіруі

тендерлік құжаттаманы әлеуетті өнім берушілерге,

оның көшірмесін алған

 

Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қажет болған кезде әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктемелер алу үшін жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сұрау салудың авторын көрсетпей, сұрау салу келіп түскен күнге тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсіндірме береді.

Әлеуетті өнім берушілердің сұраныстарын сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, лицензиялау және Мемлекеттік сатып алу бөлімі, 415-кабинет.

11.Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар

 

Сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай шарттар қойылады:

1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, «Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелді) енгізілген орфандық препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің; арнайы көлік құралындағы медициналық техника сатып алынған кезде – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеуінің болуы.

Жинақтаушы медициналық техниканы (жеткізу жиынтығын) тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;

2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі.

Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асып кетуіне жол беріледі;

3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, 96 бұйрықпен және 77 бұйрықпен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болған жағдайда) бойынша шекті бағадан асырмау;

4) "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;

5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;

6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні:

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);

      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;

7) шарттың талаптарына фармацевтикалық қызмет көрсету немесе жеткізу санының, САПАСЫНЫҢ және мерзімдерінің сақталуы.

Тендерлік құжаттаманың 12-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген талаптарды өнім беруші жеткізу немесе сатып алу шартын орындау кезінде растайды. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді.

 

Қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну

және тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу

 

Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде ұсынады. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады.

Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоса береді 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тендерлік өтінімнің 18-тармағы.

Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі:

1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді (электрондық жеткізгіште өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады);

2) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);

3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі;

4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

5) сертификаттардың көшірмелері (бар болса):

объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;

объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;

объектінің тиісті дәріхана практикасының (GPP)талаптарына сәйкестігі туралы;

6) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;

7) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің енгізілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:

1) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелікті (медициналық техниканы мәлімдеген кезде, сондай-ақ "docх" форматында электрондық жеткізгіште);

2) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың не дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсатының (қорытындысының) көшірмесін қамтиды.

    Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкелінгенін, оны әлеуетті өнім берушінің кіріске алғанын растайтын құжаттың көшірмелері; отандық тауар өндірушінің өндіруі, "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) сәйкес берілген қауіпсіздік туралы қорытынды ұсынылады.

 

 

Тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

Тендерлік өтінім басылады не өшірілмейтін сиямен жазылады, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолымен бекітіледі.

Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасындағы ендірмелерді, өшірулерді немесе қосып жазуларды енгізуге жол берілмейді.

Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолымен бекітіледі.

Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікпен қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және тендерлік өтініммен бірге бір конвертке салынады.

Конверт әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайын қамтиды, Тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша жолдануға жатады және «2024 жылға арналған «Қысқа ішек синдромы» ауру бойынша дәрілік зат  сатып алу жөніндегі тендерді 2024 жылғы 04 қырқүйек 12 сағат 00 минутқа дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтиды.

Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін жазбаша нысанда кері қайтарып алады. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

 

Тендерлік өтінімнің тілі

 

Әлеуетті өнім беруші дайындаған тендерлік өтінім, сондай-ақ тендерлік өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар, бұдан әрі сатып алу туралы Шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тілде жасалады және ұсынылады. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын ілеспе құжаттама мен баспа әдебиеті оларға тендерлік өтінім тіліндегі тиісті бөлімдердің дәл аудармасы қоса берілген жағдайда басқа тілде жасалуы мүмкін және бұл жағдайда тендерлік өтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған құжаттар артықшылыққа ие болады.

 

Тендерлік өтінімді ұсыну тәртібі.

 

Тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, мына мекенжай бойынша ұсынады: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, лицензиялау және Мемлекеттік сатып алу бөлімі, 415-кабинет, 2024 жылғы 04 қырқүйек қоса алғанда, жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған тендерлік өтінімдерді тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

 

Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу

 

Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия барлық келген әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен 2024 жылғы 04 қыркүйек жергілікті уақытпен сағат 12: 00-да мына мекенжай бойынша ашылады: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, каб.415. аудио және бейне жазуды қолдану арқылы.

 

Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру

 

Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалауды және салыстыруды жүзеге асырады.

Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін нақтылау мақсатында тендерлік комиссия банкроттық не тарату рәсімінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.

Тендерлік комиссия тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды:

1) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;

2) жарғы көшірмесі немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайда құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;

3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) құжаттың көшірмесі ұсынылмаған;

4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;

5) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде бюджетке берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген соманы қоспағанда) туралы ақпарат болған;

6) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;

7) әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;

8) осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерге осы Қағидаларда көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;

9) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы бар;

10) ұсынылған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;

11) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу дерекнамасында айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;

12) Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;

13) осы Қағидалардың 15, 21-тармақтарында белгіленген;

14) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттама шарттарында көрсетілгеннен неғұрлым қысқа болған;

15) баға ұсынысы ұсынылмаған не баға ұсынысы  Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылмаған;

16) әлеуетті өнім беруші дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бағасын тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағасынан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасынан және саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары ұсынған;

17) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолтаңбамен бекітілмей, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;

18) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеген;

19) осы Қағидалардың шарттарын бұзып үлестес болу фактісі анықталған жағдайда тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.

 

Тендерлік өтінімді кепілдікпен қамтамасыз ету

 

Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде кепілдік қамтамасыз етуді енгізеді. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі-кепілдікті қамтамасыз ету) :

1) сатып алуды ұйымдастырушының «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, БСН 9407400000674, ЖСК KZ620705022533001001, БСК KKMFKZ2A, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" РММ Павлодар қаласы, КБе 16, коды ММ 2533001;

2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

Кепілдік қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге мынадай жағдайларда бес жұмыс күні ішінде қайтарылады:

1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді оларды қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін қайтарып алған жағдайда;

2) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негізі бойынша тендерлік өтінімді қабылдамау;

3) басқа әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазы деп тану арқылы жүзеге асырылады;

4) тендер жеңімпазын айқындамай сатып алу рәсімдерін тоқтату арқылы жүзеге асырылады;

5) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда жүзеге асырылады.

Кепілдік қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды, егер:

1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ол тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;

2) тендер жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасудан жалтарса;

3) ол жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызмет көрсету шартын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе.

 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің отандық тауар өндірушілерін және (немесе) өндірушілерін қолдау

 

Егер лот бойынша сатып алуға отандық тауар өндіруші және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Егер лот бойынша сатып алуға өтінімдері хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілер және (немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық тауар өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:

1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия;

2) «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) сәйкес берілген, өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға арналған тіркеу куәлігі.

Шарт немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде отандық тауар өндіруші берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификатын ұсынады.

Әлеуетті өнім беруші – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өндірушісінің мәртебесі мынадай құжаттармен расталады:

1) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызметке лицензия;

2) "Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптама қағидалары туралы" Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешіміне және "Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптама қағидалары туралы" ЕАЭО кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешіміне сәйкес келетін тіркеу куәлігі.

 

Кәсіпкерлік бастаманы қолдау

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес объектінің:

1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);

2) дәрілік заттарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);

3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер шарттар жасау артықшылығына ие болады.

Сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін өтінімге:

1) отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде объект пен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;

2) әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;;

3) әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) туралы сертификатты қоса береді.

Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім мен объектінің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты берген бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін тендерлік өтінім және объектілердің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттарды берген екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, олардың арасында жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.

Егер лот бойынша сатып алуға дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық әрі дәл сәйкес келетін тіркеу куәлігін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) нөмірін ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, басымдық тіркеу куәлігін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге беріледі, бұл ретте олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.

 

Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарт жасасу

 

Тапсырыс беруші тендер қорытындысы шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе осы Қағидалардың 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді. Шартты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді.

Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушілікті қарау мерзімі шарт жасасудан бас тартуды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды

Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасасады. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын, көлемін азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді Өнім берушіні таңдауға негіз болған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымның құрамы немесе сипаттамасы өзгермеген жағдайда жасалған шартқа:

1) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;

2) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.

Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының аудио және бейне тіркеуді қолданып, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өз қалауы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды.

 

Шарттың орындалуын кепілдікпен қамтамасыз ету

 

Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және:

1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна; "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Павлодар облысы,

Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, БСН 9407400000674, ЖСК KZ620705022533001001, БСК KKMFKZ2A, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" РММ Павлодар қаласы, КБе 16, коды ММ 2533001.

2) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады.

Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.

Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер басқаны көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші өнім берушіге:

1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;

2) өнім беру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);

3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкциясын төлемеген кезде қайтармайды.

 

 

Фармацевтикалық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу тәртібі

 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген, пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге ай сайын өтейді.

      Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалардан және саудалық атауға шекті бағалардан аспайды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды қамтамасыз етілген тізілімдер (рецепттер тізілімі) туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес өтейді. Шарт сомасы қызметтердің іс жүзінде көрсетілетін көлемі есепке алынып түзетіледі..

қосымша қосымша 2 қосымша 3-8 тендерная

 



Ақпарат көзі: Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p><strong> </strong></p> «Қысқа ішек синдромы» ауруына қарсы дәрілік зат бойынша тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды хабарландыру   Тендерді ұйымдастырушы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Шашыраңқы склероз» дәрілік зат сатып алу бойынша тендерді өткізу туралы жариялайды. Сатып алынатын толық тізбесі, дәрілік заттарды сатып алынатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әр бір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома тендерлік құжаттамада көрсетілген. <p><p>Жеткізу мерзімі мен шарттары – тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасына сәйкес.</p></p> <p><p>Тендерлік құжаттама пакетін 2024 жылғы 27 тамыздың 10 сағат 00 минут дейінгі мерзімде қоса алғанда, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, № 415 кабинет мекенжайынан немесе </p><p><a href="mailto:depzdrav_pvl_gz@mail.ru">depzdrav_pvl_gz@mail.ru</a></p><p> электрондық пошта арқылы немесе depzdrav.gov.kz тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан алуға болады.</p></p> <p><p>Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 04 қыркүйек жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минут дейін.</p></p> <p><p>Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2024 жылғы 04 қыркүйек жергілікті уақытпен 12 сағат 00 минут Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, № 415 кабинет мекенжайы бойынша ашылады.</p></p> <p><p>Әлеуеітті өнім берушілер тендерлік өтінімдер бар конверттердің ашылуына қатыса алады.</p></p> <p><p>Өкіл (ұйымдастырушы) Бакиров Е.С. - мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail: </p><p><a href="http://www.balgabay.maksat@pavlodar.gov.kz">www.balgabay.maksat@pavlodar.gov.kz</a></p><p>.</p></p> <p> </p> <p> </p> <p> Бекітілген</p> <p>«Павлодар облысының денсаулық</p> <p>сақтау басқармасы» ММ</p> <p>басшысы А. Бұйрашев</p> <p>2024 ж 15 тамыз №93 -Ө</p> <p> </p> <p><strong> </strong></p> <p><strong>2024 жылға арналған </strong></p> <p><strong>«Қысқа ішек синдромы» ауру бойынша дәрілік зат сатып алу бойынша ТЕНДЕРЛІК ҚҰЖАТТАМА</strong></p> <p><strong> </strong></p> <p>2024 жылға арналған «Шашыраңқы склероз» ауру бойынша дәрілік заттар сатып алу жөніндегі тендерге қатысу және тендерлік өтінімдерді дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге тендерді ұйымдастырушы ұсынатын осы тендерлік құжаттама (бұдан әрі – тендерлік құжаттама) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» талаптарға сәйкес әзірленеді (бұдан әрі – Қағидалар).</p> <p>«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығымен.</p> <p>«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ -77 бұйрығымен.</p> <p><strong>Тендерді ұйымдастырушы және тапсырыс беруші:</strong></p> <p>«Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, БСН 9407400000674, ЖСК KZ10070102KSN4501000, БСК KKMFKZ2A, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ Павлодар қаласы, КБе 16, коды ММ 2533001.</p> <p>Өкіл (ұйымдастырушы) Бакиров Е.С. – мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail: www.balgabay.maksat@pavlodar.gov.kz</p> <p>Тендерлік құжаттама тегін беріледі.</p> <strong> Жалпы ережелер</strong> Тендер 2024 жылға арналған «Қысқа ішек синдромы» ауру бойынша дәрілік зат сатып алу үшін жеткізуші (лерді) таңдау мақсатында өткізіледі. Осы тендер үшін сатып алу үшін бөлінген сома: <strong>178 457 552 </strong><strong>(</strong><strong>жүз жетпіс сегіз милион төртжүз елу жеті мың бесжүз елу екі</strong><strong>) теңге</strong> <p><strong> </strong></p> <p><strong>Лот</strong></p> <p><strong>Тауардың атауы</strong></p> <p><strong>Қысқаша техникалық сипаттама</strong></p> <p><strong>Өлш бірл.</strong></p> <p><strong>Саны</strong></p> <p><strong>Бірлік үшін бағасы</strong></p> <p><strong>Жалпы сомасы теңгемен</strong></p> <p>1</p> <p>Тедуглутид 5 мг</p> <p><p>Тедуглутид</p> <p>5</p> <p>мг</p>. <p>белсенді</p> <p>ингредиент-5</p> <p>мг</p> тедуглютид. <p>дәрілік</p> <p>түрі-</p>бөтелкедегі <p>инфузияға</p> <p>арналған</p> <p>ерітінді</p> дайындауға <p>арналған</p> <p>лиофилизат</p> <p>және</p> <p>инъекцияға</p> <p>арналған</p> <p>ерітінді</p> дайындауға арналған <p>еріткіш.</p> <p>Ақ</p> <p>ұнтақ</p> <p>және</p> <p>еріткіш</p> <p>мөлдір,</p> <p>түссіз</p></p> <p>таблетка</p> <p><strong>728</strong></p> <p><strong>245 134</strong></p> <p><strong>178 457 552</strong></p> <p><strong> </strong></p> <p><strong>Барлығы</strong></p> <p><strong> </strong></p> <p><strong> </strong></p> <p><strong> </strong></p> <p><strong> </strong></p> <p><strong>178 457 552</strong></p> <p> </p> <p>3 . Осы тендерлік құжаттама мыналарды қамтиды:</p> <p>1)  лот бойынша сатып алу үшін бөлінген соманы, санын көрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың тізбесі, осы тендерлік құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес жеткізу мерзімі;</p> <p>2) Осы тендерлік құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауардың сипаттамасы және талап етілетін сапалық сипаттамалары, жеткізу кестесі;</p> <p>3) осы тендерлік құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін тендерге қатысуға өтінім нысаны;</p> <p>4) осы тендерлік құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттар тізімдемесін толтыру нысаны;</p> <p>5) осы тендерлік құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің баға кестесінің нысаны;</p> <p>6) осы тендерлік құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банк кепілдігінің нысаны(тендерлік немесе конкурстық өтінімді қамтамасыз ету түрі);</p> <p>7) осы тендерлік құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес шарттың жобасы.</p> <p>8) осы тендерлік құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес банк кепілдігінің нысаны(шарттың орындалуын қамтамасыз ету түрі).</p> Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар ) 1 бөлімнің, 1 тарауының 8, 9, 10, 11, 12, 13 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс. Жеткізу орны, талап етілетін шарттары: №1 қосымшаға сәйкес. Төлем шарттары нақты жеткізілген тауар үшін шот-фактураға және шығыс жүкқұжатына сәйкес тауар жеткізілген кезден бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде төленеді. <p><strong> </strong></p> <strong> Әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары</strong> <p> </p> Сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді: <p>1) Құқық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);</p> <p>2) тиісті фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға құқық қабілеттілігі;</p> <p>3) тендерлік комиссияның (комиссияның) мүшелерімен және хатшысымен, сондай-ақ Тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының немесе бірыңғай дистрибьютордың өкілдерімен тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдер қабылдауға және (немесе)тендерлік комиссия (Комиссия) қабылдайтын шешімдерге ықпал етуге құқығы бар үлестес емес;</p> <p>4) бюджетке берешектің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешектің болмауы;</p> <p>5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпаса тоқтатылуға тиіс.</p> <p>Осы тармақтың талаптары шетелдік тауар өндірушілерден, Халықаралық фармацевтикалық ұйымдардан және Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған халықаралық ұйымдар арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.</p> Сатып алу кезінде осы Қағидаларда көзделмеген талаптар қойылмайды. Әлеуетті өнім беруші бір лот бойынша сатып алу шеңберінде, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттары бойынша оның жиынтықтылығы талап етілетін жағдайды қоспағанда, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның бір саудалық атауын ұсынады. <p> </p> <strong> Тендерді ұйымдастырушының ережелерді түсіндіруі</strong> <p><strong>тендерлік құжаттаманы әлеуетті өнім берушілерге,</strong></p> <p><strong>оның көшірмесін алған</strong></p> <p><strong> </strong></p> Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қажет болған кезде әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіге, сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттама бойынша түсініктемелер алу үшін жүгінеді, оларға тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сұрау салудың авторын көрсетпей, сұрау салу келіп түскен күнге тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге жіберілетін түсіндірме береді. <p>Әлеуетті өнім берушілердің сұраныстарын сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, лицензиялау және Мемлекеттік сатып алу бөлімі, 415-кабинет.</p> <p>11.Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен кешіктірмей тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы қажет болған кезде өз бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұратуына жауап ретінде тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізеді, бұл туралы тендерлік өтінімдер ұсынған немесе тендерлік құжаттаманы алған барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі кемінде күнтізбелік 5 (бес) күнге ұзартылады.</p> <p> </p> <strong> Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қойылатын талаптар</strong> <p> </p> Сатып алынатын және босатылатын, оның ішінде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай шарттар қойылады: <p>1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, «Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелді) енгізілген орфандық препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің; арнайы көлік құралындағы медициналық техника сатып алынған кезде – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеуінің болуы.</p> <p>Жинақтаушы медициналық техниканы (жеткізу жиынтығын) тіркеу қажеттілігінің болмауы сараптама ұйымының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хатымен расталады;</p> <p>2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі.</p> <p>Бұл ретте медициналық техниканың ұсынылатын функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының техникалық ерекшелік талаптарынан асып кетуіне жол беріледі;</p> <p>3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, 96 бұйрықпен және 77 бұйрықпен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болған жағдайда) бойынша шекті бағадан асырмау;</p> <p>4) "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;</p> <p>5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;</p> <p>6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні:</p> <p>      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);</p> <p>      қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды;</p> <p>7) шарттың талаптарына фармацевтикалық қызмет көрсету немесе жеткізу санының, САПАСЫНЫҢ және мерзімдерінің сақталуы.</p> Тендерлік құжаттаманың 12-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген талаптарды өнім беруші жеткізу немесе сатып алу шартын орындау кезінде растайды. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, Бірыңғай дистрибьютор дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға осы Қағидаларда көзделмеген талаптарды белгілемейді. <p><strong> </strong></p> <strong> Қолданылу мерзімі, мазмұны, ұсыну</strong> <p><strong>және тендерлік өтінімдерді кері қайтарып алу</strong></p> <p><strong> </strong></p> Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде ұсынады. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Тендерлік өтінім негізгі бөліктен, техникалық бөліктен және кепілдікті қамтамасыз етуден тұрады. <p>Бірлесіп орындаушы тартылған жағдайда әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімге тармақшаларда көрсетілген құжаттарды қоса береді 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тендерлік өтінімнің 18-тармағы.</p> Тендерлік өтінімнің негізгі бөлігі: <p>1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді (электрондық жеткізгіште өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі ұсынылады);</p> <p>2) заңды тұлға үшін жарғы көшірмесі (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылар немесе акционерлер құрамы көрсетілмесе, құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе құрылтай шартының көшірмесі немесе хабарландыру күнінен кейінгі қолданыстағы акция ұстаушылардың тізілімінен үзінді ұсынылады);</p> <p>3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың көшірмесі;</p> <p>4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;</p> <p>5) сертификаттардың көшірмелері (бар болса):</p> <p>объектінің және өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы;</p> <p>объектінің тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы;</p> <p>объектінің тиісті дәріхана практикасының (GPP)талаптарына сәйкестігі туралы;</p> <p>6) Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша баға ұсынысы;</p> <p>7) тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің енгізілгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.</p> Тендерлік өтінімнің техникалық бөлігі мыналарды қамтиды: <p>1) мәлімделген дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген қағаз жеткізгіштегі техникалық ерекшелікті (медициналық техниканы мәлімдеген кезде, сондай-ақ "docх" форматында электрондық жеткізгіште);</p> <p>2) дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың не дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның рұқсатының (қорытындысының) көшірмесін қамтиды.</p> <p>    Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі өткенге дейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген және өндірілген дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдарға: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы әкелінгенін, оны әлеуетті өнім берушінің кіріске алғанын растайтын құжаттың көшірмелері; отандық тауар өндірушінің өндіруі, "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және "Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) сәйкес берілген қауіпсіздік туралы қорытынды ұсынылады.</p> <p><strong> </strong></p> <p><strong> </strong></p> <strong> Тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар</strong> <p><strong> </strong></p> Тендерлік өтінім басылады не өшірілмейтін сиямен жазылады, тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолымен бекітіледі. <p>Грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімнің мәтініне жолдар арасындағы ендірмелерді, өшірулерді немесе қосып жазуларды енгізуге жол берілмейді.</p> <p>Техникалық ерекшелік тігілген және нөмірленген түрде ұсынылады, соңғы беті әлеуетті өнім беруші өкілінің қолымен бекітіледі.</p> <p>Тендерлік өтінімнің техникалық ерекшелігі және сатып алуды кепілдікпен қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және тендерлік өтініммен бірге бір конвертке салынады.</p> <p>Конверт әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекенжайын қамтиды, Тапсырыс берушіге немесе сатып алуды ұйымдастырушыға тендерлік құжаттамада көрсетілген мекенжай бойынша жолдануға жатады және «<strong>2024 жылға арналған «Қысқа ішек синдромы» ауру бойынша дәрілік зат  сатып алу жөніндегі тендерді 2024 жылғы 04 қырқүйек 12 сағат 00 минутқа дейін ашуға болмайды» </strong>деген сөздерді қамтиды.</p> Әлеуетті өнім беруші қажет болған жағдайда өтінімді қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін жазбаша нысанда кері қайтарып алады. Тендерлік өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін тендерлік өтінімдерге өзгерістер енгізуге жол берілмейді. <p> </p> <strong> Тендерлік өтінімнің тілі</strong> <p><strong> </strong></p> Әлеуетті өнім беруші дайындаған тендерлік өтінім, сондай-ақ тендерлік өтінімге қатысты барлық хат-хабарлар мен құжаттар, бұдан әрі сатып алу туралы Шарт Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тілде жасалады және ұсынылады. Әлеуетті өнім беруші ұсынатын ілеспе құжаттама мен баспа әдебиеті оларға тендерлік өтінім тіліндегі тиісті бөлімдердің дәл аудармасы қоса берілген жағдайда басқа тілде жасалуы мүмкін және бұл жағдайда тендерлік өтінімді түсіндіру мақсатында мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған құжаттар артықшылыққа ие болады. <p><strong> </strong></p> <strong> Тендерлік өтінімді ұсыну тәртібі.</strong> <p> </p> Тендерлік өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері тендерді ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып, мына мекенжай бойынша ұсынады: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, лицензиялау және Мемлекеттік сатып алу бөлімі, 415-кабинет, 2024 жылғы 04 қырқүйек қоса алғанда, жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде. Тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін түскен тендерлік өтінім ашылмайды және әлеуетті өнім берушіге қайтарылады. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған тендерлік өтінімдерді тендерлік комиссияның хатшысы тендерлік өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді. <p><strong> </strong></p> <strong> Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу</strong> <p><strong> </strong></p> Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия барлық келген әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен 2024 жылғы 04 қыркүйек жергілікті уақытпен сағат 12: 00-да мына мекенжай бойынша ашылады: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59, "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, каб.415. аудио және бейне жазуды қолдану арқылы. <p><strong> </strong></p> <strong> Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру</strong> <p><strong> </strong></p> Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдерді бағалауды және салыстыруды жүзеге асырады. <p>Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатыстылығы бөлігінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін нақтылау мақсатында тендерлік комиссия банкроттық не тарату рәсімінің жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылған ақпаратты қарайды.</p> Тендерлік комиссия тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды: <p>1) осы Қағидалардың шарттарына сәйкес тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету ұсынылмаған;</p> <p>2) жарғы көшірмесі немесе құрылтайшылар, қатысушылар құрамы туралы үзінді немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайда құрылтай шартының көшірмесі ұсынылмаған;</p> <p>3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін) құжаттың көшірмесі ұсынылмаған;</p> <p>4) медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензия көшірмелерін не "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес электрондық құжат түрінде алынған көшірмелерін, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңға сәйкес алынған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерге және (немесе) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тиісті лицензияның, медициналық бұйымдарды көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;</p> <p>5) тиісті мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінде бюджетке берешегі, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары және (немесе) жарналары бойынша берешек (олар бойынша төлем мерзімдері өзгертілген, берешектің жалпы сомасында көрсетілмеген соманы қоспағанда) туралы ақпарат болған;</p> <p>6) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес техникалық ерекшелік ұсынылмаған;</p> <p>7) әлеуетті өнім берушінің тендерлік құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы;</p> <p>8) осы Қағидалар шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттарға және (немесе) медициналық бұйымдар мен көрсетілетін қызметтерге осы Қағидаларда көзделген шарттар бойынша дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;</p> <p>9) банкроттық не тарату рәсіміне қатысы бар;</p> <p>10) ұсынылған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкестігін растайтын құжаттар ұсынылмаған;</p> <p>11) егер мәлімделген медициналық техниканың техникалық сипаттамасы тіркеу куәлігінде және (немесе) тіркеу дерекнамасында айқындалған техникалық сипаттамаға және (немесе) жинағына сәйкес келмеген;</p> <p>12) Қағидалардың 10-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;</p> <p>13) осы Қағидалардың 15, 21-тармақтарында белгіленген;</p> <p>14) егер тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі тендерлік құжаттама шарттарында көрсетілгеннен неғұрлым қысқа болған;</p> <p>15) баға ұсынысы ұсынылмаған не баға ұсынысы  Қағидаларға  2-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынылмаған;</p> <p>16) әлеуетті өнім беруші дәрілік зат және (немесе) медициналық бұйым бағасын тиісті лот бойынша сатып алу үшін бөлінген бағасынан және (немесе) халықаралық патенттелмеген атауының шекті бағасынан және саудалық атауы бойынша шекті бағадан жоғары ұсынған;</p> <p>17) тендерлік өтінім тігілмеген түрде, беттері нөмірленбей, қолтаңбамен бекітілмей, конвертте әлеуетті өнім берушінің, тапсырыс берушінің немесе сатып алуды ұйымдастырушының атауы немесе заңды мекенжайы көрсетілмей ұсынылған;</p> <p>18) әлеуетті өнім беруші және (немесе) бірлесіп орындаушы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттарға сәйкес келмеген;</p> <p>19) осы Қағидалардың шарттарын бұзып үлестес болу фактісі анықталған жағдайда тендерлік өтінімді тұтастай немесе лот бойынша қабылдамайды.</p> <p> </p> <strong> Тендерлік өтінімді кепілдікпен қамтамасыз ету</strong> <p><strong> </strong></p> Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтініммен бірге Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде кепілдік қамтамасыз етуді енгізеді. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету (бұдан әрі-кепілдікті қамтамасыз ету) : <p>1) сатып алуды ұйымдастырушының «Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, БСН 9407400000674, ЖСК KZ620705022533001001, БСК KKMFKZ2A, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" РММ Павлодар қаласы, КБе 16, коды ММ 2533001;</p> <p>2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк кепілдігі түрінде ұсынылады.</p> Кепілдік қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге мынадай жағдайларда бес жұмыс күні ішінде қайтарылады: <p>1) әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді оларды қабылдаудың соңғы мерзімі өткенге дейін қайтарып алған жағдайда;</p> <p>2) тендерлік құжаттаманың ережелеріне сәйкес келмеу негізі бойынша тендерлік өтінімді қабылдамау;</p> <p>3) басқа әлеуетті өнім берушіні тендер жеңімпазы деп тану арқылы жүзеге асырылады;</p> <p>4) тендер жеңімпазын айқындамай сатып алу рәсімдерін тоқтату арқылы жүзеге асырылады;</p> <p>5) сатып алу шарты күшіне енген және тендер жеңімпазы сатып алу шартының орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді енгізген жағдайларда жүзеге асырылады.</p> Кепілдік қамтамасыз ету әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды, егер: <p>1) тендерлік өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ол тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;</p> <p>2) тендер жеңімпазы деп танылғаннан кейін жеңімпаз сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсету шартын жасасудан жалтарса;</p> <p>3) ол жеңімпаз деп танылса және сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызмет көрсету шартын кепілдікпен қамтамасыз етуді енгізбесе не уақтылы енгізбесе.</p> <p> </p> <strong> Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің отандық тауар өндірушілерін және (немесе) өндірушілерін қолдау</strong> <p> </p> Егер лот бойынша сатып алуға отандық тауар өндіруші және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің өндірушісі болып табылатын, хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім берген бір әлеуетті өнім беруші қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Егер лот бойынша сатып алуға өтінімдері хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін отандық тауар өндірушілер және (немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өндірушілері болып табылатын екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, онда олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.. Сатып алуды өткізу кезінде әлеуетті өнім берушінің отандық тауар өндіруші мәртебесі мынадай құжаттармен расталады: <p>1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру бойынша фармацевтикалық қызметке лицензия;</p> <p>2) «Дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22175 болып тіркелген) сәйкес берілген, өндіруші ретінде отандық тауар өндіруші көрсетілген дәрілік затқа немесе медициналық бұйымға арналған тіркеу куәлігі.</p> <p>Шарт немесе өнім берудің ұзақ мерзімді шартына қосымша келісім жасалған кезде отандық тауар өндіруші берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға ішкі айналысқа арналған дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың шығу тегі туралы "СТ-KZ" сертификатын ұсынады.</p> Әлеуетті өнім беруші – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өндірушісінің мәртебесі мынадай құжаттармен расталады: <p>1) дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі фармацевтикалық қызметке лицензия;</p> <p>2) "Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптама қағидалары туралы" Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешіміне және "Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптама қағидалары туралы" ЕАЭО кеңесінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 46 шешіміне сәйкес келетін тіркеу куәлігі.</p> <p> </p> <strong> Кәсіпкерлік бастаманы қолдау</strong> <p> </p> Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес объектінің: <p>1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);</p> <p>2) дәрілік заттарды және фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);</p> <p>3) фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған әлеуетті өнім берушілер шарттар жасау артықшылығына ие болады.</p> Сатып алу шартын немесе өнім беру шартын жасасуға артықшылық алу үшін өтінімге: <p>1) отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасау кезінде объект пен өндірістің тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;</p> <p>2) әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды сатып алу кезінде объектінің тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестігі туралы сертификатты қоса береді;;</p> <p>3) әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың бірлесіп орындаушылары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде объектінің тиісті дәріханалық практикаға сәйкестігі (GPP) туралы сертификатты қоса береді.</p> Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін өтінім мен объектінің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификатты берген бір әлеуетті өнім беруші ғана қатысса, мұндай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. Егер лот бойынша сатып алуға хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына және осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін тендерлік өтінім және объектілердің тиісті өндірістік практика (GMР) немесе тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттарды берген екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, олардың арасында жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды. <p>Егер лот бойынша сатып алуға дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне толық әрі дәл сәйкес келетін тіркеу куәлігін немесе дәрілік затты және (немесе) медициналық бұйымды Қазақстан Республикасына әкелуге денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсатының (қорытындысының) нөмірін ұсынған екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысса, басымдық тіркеу куәлігін ұсынған әлеуетті өнім берушілерге беріледі, бұл ретте олардың арасындағы жеңімпаз аукцион қорытындысы бойынша ең төмен бағамен айқындалады, ал басқа әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері автоматты түрде қабылданбайды.</p> <p> </p> <strong> Сатып алу шартын немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарт жасасу</strong> <p><strong> </strong></p> Тапсырыс беруші тендер қорытындысы шығарылған күннен не сатып алуды ұйымдастырушыдан сатып алу қорытындысын алған күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде әлеуетті өнім берушіге қол қойылған сатып алу шартын немесе осы Қағидалардың 5 және (немесе) 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалатын фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартты жібереді. Шартты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тендер жеңімпазы оған қол қояды не тапсырыс берушіні оның талаптарымен келіспейтіні немесе қол қоюдан бас тартатыны туралы жазбаша хабардар етеді. <p>Көрсетілген мерзімде қол қойылған шартты немесе талаптармен келіспеу туралы хабарламаны ұсынбау шарт жасасудан бас тарту болып есептеледі. Келіспеушілікті қарау мерзімі шарт жасасудан бас тартуды ұсынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайды</p> Сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Егер тендердің жеңімпазы белгіленген мерзімде сатып алу шартына немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қоюдан жалтарса немесе тапсырыс берушіге оның талаптарымен келіспейтіні туралы хабарламаса, онда тапсырыс беруші осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін және баға ұсынысы жеңімпаздың ұсынысынан кейін екінші болып табылатын тендерге қатысушымен шарт жасасады. Шартқа өнім берушіні таңдау үшін негіз болып табылған ұсыныстың мазмұнын өзгертетін қандай да бір өзгерістерді және (немесе) жаңа талаптарды енгізуге (дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын, көлемін азайтуды қоспағанда), оның ішінде шартта көрсетілген саудалық атауды басқа саудалық атаумен ауыстыруға жол берілмейді Өнім берушіні таңдауға негіз болған дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымның құрамы немесе сипаттамасы өзгермеген жағдайда жасалған шартқа: <p>1) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың бағасын және тиісінше шарттың бағасын азайту бөлігінде;</p> <p>2) тараптардың өзара келісуі бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің көлемін азайту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі.</p> Тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының аудио және бейне тіркеуді қолданып, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа қол қойғанға дейін дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың не фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайту мақсатында тендер жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге жол беріледі. Әлеуетті өнім беруші өз қалауы бойынша дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың немесе фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің бағасын азайтуға келісетіні немесе келіспейтіні туралы шешім қабылдайды, бұл тапсырыс берушінің не сатып алуды ұйымдастырушының тендер жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуы үшін негіз болып табылмайды. <p> </p> <strong> Шарттың орындалуын кепілдікпен қамтамасыз ету</strong> <p> </p> Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың мазмұнын, нысанын және оны кепілдікті қамтамасыз етуді енгізу талаптарын (бұдан әрі – кепілдікті қамтамасыз ету) осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес тапсырыс беруші немесе сатып алуды ұйымдастырушы айқындайды және тендерлік құжаттамаға, сатып алу шартына және фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шартқа енгізілуге тиіс. Кепілдікті қамтамасыз ету сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтерді көрсетуге арналған шарттың бағасынан үш пайызды құрайды және: <p>1) тапсырыс берушіге қызмет көрсетілетін банкке орналастырылатын ақшалай қаражат түріндегі кепілдік жарна; "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Павлодар облысы,</p> <p>Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, БСН 9407400000674, ЖСК KZ620705022533001001, БСК KKMFKZ2A, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" РММ Павлодар қаласы, КБе 16, коды ММ 2533001.</p> <p>2) Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі түрінде ұсынылады.</p> <p>Ақшалай қаражатты кепілдік жарна түріндегі кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің тиісті шотына енгізеді.</p> Егер сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың бағасы тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспаса, кепілдікті қамтамасыз ету енгізілмейді. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді өнім беруші, егер басқаны көздемесе, шарт күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді. Сатып алу шартының немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттың орындалуын кепілдікті қамтамасыз етуді тапсырыс беруші өнім берушіге: <p>1) өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты сатып алу шарты немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шарт бұзылған;</p> <p>2) өнім беру шарты бойынша өзінің міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (беру мерзімінің бұзылуы және шарттың басқа да талаптарының бұзылуы);</p> <p>3) орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін сатып алу шартында немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген айыппұл санкциясын төлемеген кезде қайтармайды.</p> <p> </p> <p> </p> <strong> Фармацевтикалық қызметтерді жеткізушілерге шығындарды өтеу тәртібі</strong> <p> </p> Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құнын және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін фармацевтикалық қызметтерді көрсету туралы шартта белгіленген, пайыздық арақатынаста көрсетілген сыйақы мөлшерін фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге ай сайын өтейді. <p>      Бұл ретте дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың құны халықаралық патенттелмеген атауға шекті бағалардан және саудалық атауға шекті бағалардан аспайды.</p> Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары фармацевтикалық көрсетілетін қызметтер берушілерге іс жүзінде көрсетілген қызметтер үшін шығындарды қамтамасыз етілген тізілімдер (рецепттер тізілімі) туралы ұсынылған деректерді бөлінген қаражат шегінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді есепке алу жүйесіндегі деректермен салыстырып тексеру негізінде орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес өтейді. Шарт сомасы қызметтердің іс жүзінде көрсетілетін көлемі есепке алынып түзетіледі.. <p><a href="https://gov.kz/uploads/2024/8/16/c97d1f71172c1c45f725da08da9e06eb_original.12011.xlsx" download=""> қосымша</a><a href="https://gov.kz/uploads/2024/8/16/a1ed09a010ae8439e84a42db0c991bf2_original.11382.xlsx" download=""> қосымша 2</a><a href="https://gov.kz/uploads/2024/1/12/fd698c9d1e6452f8ebe285acea6b1e1a_original.43475.docx" download=""> қосымша 3-8</a><a href="https://gov.kz/uploads/2024/8/16/f88c82b1499e1bf0189b0d730b9d8689_original.56255.docx" download=""> тендерная</a></p> <p> </p>

Аймақтағы жаңалықтар