Қыс басталғалы 1,5 мыңнан астам адам құтқарылды және 200 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды: Шығыс Қазақстан облысы, 20 Қаңтар 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қыс басталғалы 1,5 мыңнан астам адам құтқарылды және 200 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды

Азаматтық қорғау жүйесінің 2024-2025 жылдардағы қысқы төтенше жағдайларға дайындығы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланды. Дайындық іс-шаралары аясында күштер мен құралдар шеңбері өрістетілді, қар тазалау техникасының дайындығы қамтамасыз етілді, сондай-ақ халықты ықтимал қауіптер туралы жедел хабардар ету жүйесі жолға қойылды.

ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев атап өткендей, жедел ден қою мақсатында ТЖМ бұйрығымен 37 мың адам және 14 мың техника бірлігі бар күштер мен құралдар тобы бекітілді, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың міндеттері айқындалды.

«Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, 1,5 мың қар тазалау техникасы дайындыққа келтірілді, 200 жаңа жол-пайдалану техникасы сатып алынды және жолдарды тазалау үшін қосымша 241 бірлік техника жалға алынды. Қыс мезгілінде зардап шеккен адамдар үшін жолдарда 1,5 мың жылыту пункті бар. Егер туындайтын төтенше жағдайларға ден қою мәселелері туралы айтатын болсақ, онда ТЖМ бөлімшелері мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жүргізетін қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өткен және ағымдағы қысқы кезеңдерде адам шығыны болмағанын хабарлай аламын. Ағымдағы қысқы кезеңде 1,5 мыңнан астам адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 150 бала бар, қар құрсауынан 200-ге жуық техника шығарылды», – деп атап өтті спикер.

Аслан Уакишевтің айтуынша, төтенше жағдайлардың туындау қаупі, ауа райының нашарлауы, республика автожолдарының жабылуы және басқа да шұғыл хабарламалар туралы халықты ақпараттандыру мәселелері ерекше бақылауда. Мәселен, халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы шамамен 1,8 млн СМС-хабарлама жіберілді; «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы ескерту сипатындағы 1,7 млн хабарлама жіберілді; шұғыл ақпаратты жеткізу үшін теле- радио жүйелері 70-тен астам рет қолданылды.

Есепті кезеңде барлығы 1,3 мың рет дауылды ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 390 рет жабылды. Осыған байланысты ТЖМ өкілі қыс мезгілінде қазақстандықтарға өз ұсыныстарын жолдады.

Елді мекеннен тыс сапарларды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын зерттеу керек.Көлік қозғалысы үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаған абзал. Ақпаратты «ҚазАвтоЖол» ҰК сайтында жабық учаскелердің егжей-тегжейлі картасынан көруге немесе 1403 бірыңғай телефоны және 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады. «112» қызметінен ресми дауыл туралы ескерту алған кезде елді мекендерден шықпаған жөн.Егер қандай да бір елді мекенге шұғыл түрде жету қажет болса, теміржол көлігін пайдалану қажет. Бұл қар кептелісі мен апатқа ұшырамау мүмкіндігін бірнеше есеге арттырады.

«Егер жолға шыққанда боран басталып, көріну нашарласа, тұманға қарсы шамдарды, сондай-ақ дабылды қосу керек. Кедергілер пайда болған жағдайда жағдайда ең қауіпсіз тежеуді қамтамасыз ету үшін жылдамдықты біртіндеп төмендету керек. Алда келе жатқан көліктің арасындағы қашықтықты сақтаңыз және басып озу әрекеттеріне жол бермеңіз. Боран кезінде, шектеулі көрініс жағдайында, мүмкіндігінше, жанармай құю бекеті, дәмхана, шиномонтаж пункті, кемпинг сынды ең жақын қауіпсіз жерге жеткен дұрыс. Тікелей жол жиегінде тоқтамаңыздар», - деп түйіндеді спикер.

Егер қозғалу мүмкін болмаса және көмек қажет болған жағдайда «112» немесе «102» жедел қызметтеріне дереу қоңырау шалу керек.ortcom.kz

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар