Қытай ет қауымдастығының делегациясы СҚО-да болды
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ет импорттаушылар мен экспорттаушылар клубының президенті Ма Гуаншэн бастаған Қытай ет қауымдастығының делегациясымен кездесті. Кеше көрші елдің делегациясы Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің VII отырысына қатысты.
Бұл кездесу ШЫҰ саммитінде екі мемлекеттің басшыларының арасындағы келісімдерге қол жеткізу аясында Қытай Халық Республикасымен екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.
Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру ұсынылды. Аймақта қазірдің өзінде «АЙЦЗЮ» корпорациясының агроөнеркәсіптік кластерін дамыту бойынша Қазақстан-Қытай жобасы сәтті жүзеге асуда – «Тайынша-Май» майлы дақылдарды өңдеу зауыты іске қосылды. Сондай-ақ «Мемолюкс» диірмен мен қоспажем зауыты салынуда.
Қытай делегациясы «ЕМС-Агро» ет комбинатында болып, шошқа кешенін 200 мың басқа дейін кеңейту және ет өндіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жобасымен танысты.
Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастық өз жемісін беріп жатқанын айта кеткен жөн. Небәрі 3 жылдың ішінде сыртқы сауда айналымы 2,2 есе өсіп, 117 миллион АҚШ долларын құрады.
Сапар қорытындысы бойынша қос тарап Солтүстік Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік және достық қарым-қатынас ұзақ мерзімді әрі жемісті болатынына сенім білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -