Қызмет алушылар күні
23 шілдеде сағат 11.00-де Open akimat ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Қызмет алушылар күні" іс-шарасы өтті.
Іс-шара аясында азаматтарға білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, сәулет және жер бөлімі, ауыл шаруашылығы техникасы, тұрғын үйге кезекке қою, жұмысқа орналастыру, архив және көші-қон мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Кеңес алу үшін барлығы 20-ға жуық адам жүгінді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -