Қызмет алушылар күні
2024 жылдың 23 тамызында, сағат 11.00–де Приозерск қаласы әкім аппаратының жиналыс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің ұйымдастырылуымен «Қызмет алушылар күні» шарасы өтеді.
Шара барысында Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды 6 жасқа дейін кезекке қою, мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету және кәмелетке толмағандардың мүлкіне билік ету үшін анықтамалар беру бойынша мекеме қызметкерлерімен азаматтарды жеке қабылдау жүргізіп, консультациялық кеңестер беріледі. Аталған мәселелерге қатысты сұрақтарыңыз болса, кеңес алуға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -