Қызметтерді цифрландыру – "БЖЗҚ" АҚ қызметіндегі маңызды бағыт: Қарағанды ​​облысы, 13 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қызметтерді цифрландыру – "БЖЗҚ" АҚ қызметіндегі маңызды бағыт

Қызметтерді цифрландыру –

Қызметтерді цифрландыру – "БЖЗҚ" АҚ қызметіндегі маңызды бағыт

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында онлайн форматта "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күні" өткізілді. "БЖЗҚ" АҚ өз қызметтерін цифрландыруға көп көңіл бөліп, оны маңызды бағыттардың бірі деп санайды. Қазіргі кезде қызметтердің жалпы көлемінің 90% астамы цифрлық форматта көрсетілуде. Іс-шараға қатысушылар бұл жаңалықтың қалай жүзеге асырылып жатқанынан хабардар болып, цифрлық сервистердің жаңа мүмкіндіктері туралы білді.

Кездесу барысында Қор мамандары электрондық қызмет көрсету мүмкіндіктерін неғұрлым толық пайдалану үшін нені білу керектігін де баяндап берді. Шараға қатысушылар Қордың цифрландыру тұрғысынан қабылдаған шешімдерінің уақыт, күш және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретінін және барынша ыңғайлы екенін атап өтті.

Бұдан басқа, БЖЗҚ қызметкерлері кездесуге келген салымшыларға жеке ақыл-кеңес беру жұмыстарын да өткізді. Оның барысында кездесуге арқау болған тақырып қана емес, жалпы Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелер де қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, салымшылар зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша мамандар беретін ақыл-кеңесті салымшылар БЖЗҚ филиалдарына өздері келіп немесе enpf.kz сайтынан,  түрлі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерден онлайн режимінде де ала алады. Мұны қалай жасау керектігі туралы іс-шара барысында айтылды.

Онлайн кездесу үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Приозёрск»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар