Қызылорда облысында жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға қатысты
Ағымдағы жылдың «6» маусымында сағат 15.00-19.00 аралығында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Д.Қонаев көшесі №9 мекен-жайында орналасқан «Сырдария аудандық мәдениет үйі» ғимаратында Қызылорда облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының үйлестірумен терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы жедел-тактикалық антитеррористтік оқу-жаттығу өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Сырдария аудандық жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, оқу- жаттығуларға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұраймыз.
Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.
Қызылорда облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -