Қызылтас шатқалында «Таза Қазақстан» аясында экоакция өтті. Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды.
3 қазан күні облыста бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Талдықорған қаласында «Қызыл тас – тасбақа» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Есдәулетов Диас, қала әкімі Ернат Бәзіл қатысты қоғам белсенділері, өңір жастары, эко-еріктілер, «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатысты.
Сонымен қатар, эко акция аумағында Қызылтас бірегей петроглифтерін жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу туралы тақта орнатылды.
Іс-шара барысында облыстың экоактивисті Динара Бакирова Мемлекет басшысы мен облыс басшылығына тарих ескерткіштерін бірегей петроглифтер түрінде қорғағаны үшін алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабаев экологтармен, жұртшылықпен, құзыретті органдармен бірге «Тасбақа» тауы мен жартастағы петроглифтерді сақтау бойынша қажетті шаралар қабылданғанын, карьерді игеру заң аясында тоқтатылғанын, бірлескен күш-жігердің арқасында бұл мәселенің мәнісі табылғанын мәлімдеген болатын.
«Қазақстан студенттер Альянсы» Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Амандос: «Ел деңгейінде өткізіліп жатқан ауқымды тазалық акциясы – аса маңызды науқан. Жастар ғана емес, аға буын – ардагерлердің, орта буын – ел ағаларының, жас ұрпақтың иық тіресуімен бірге атқарылып жатқан тазалық шаралары туған елге деген шынайы сүйіспеншіліктің дәлелі іспеттес. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың туған өлкенің табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншілігін, жер алдындағы жауапкершілігін өте жақсы тәрбиелейді және адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырады!»
Сонымен қатар, Текелі қаласында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Торғын Тұрлыбаевамен «Жан мен тәннің тазалығы – рухани тазалықтың өзегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қала жастары, эко-еріктілер жиналды. Дөңгелек үстел барысында жастар табиғатқа ұқыпты қарау, қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде пікір алмасты.
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шараға бүгінде 200 мыңға жуық адам атсалысып, түрлі тазалық шараларына қатысты.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында жалпы саны 1 611 техника жұмылдырылды, соның нәтижесінде 7 793 тонна қоқыс шығарылып, 30 726 түп ағаш отырғызылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -